Воскресенье , 6 июля 2025

Ирина Дубцова ӘДЕМІ ӘНШІНІ неге таңдады?

 

Сочи қала­сын­да өткен «Жаңа толқын-2015» бай­қа­уын­да қаза­қстан­дық жас әнші Әде­мі екін­ші орын алып кел­гені – бүгін­де жал­пақ жұр­тқа мәлім жәйт. Мәлім­сізі – бай­қау бары­сын­да ресей­лік таны­мал әнші Ири­на Дуб­цо­ва бәй­ге­де бақ сынаған талант­тар ара­сы­нан неге Әде­міні ғана таң­дап алғаны.

Бірін­ші­ден, Ресей­де біз­де­гі сияқты ком­пью­тер­дің көме­гі­мен «фане­ра» әнші болу мүм­кін емес. Ал дауыл­паз Дуб­цо­ва өзінің дауы­сын, ән өнеріне тала­сы бар талант екенін комп­тың көме­гі­мен емес, әйгілі при­ма­дон­на Алла Пуга­че­ва­ның алдын­да дәлел­де­ген әнші.

Міне, сол Ири­на ханым көп­тің іші­нен Әде­міні әлді­ге бала­уы – талант­ты тани білу деген сөз. Ири­на Дуб­цо­ва Әде­мі­мен бір­ге дуэт орын­даған соң: «Мен бұған дей­ін мұн­дай сыңғы­ры сыр­лы дауы­сты есті­ме­ген едім», – деген екен.

«Жаңа толқын» бай­қа­уын­да алған екін­ші орны­нан кей­ін Әде­мі­ге шетел­дер­ден ұсы­ны­стар көп­теп түсіп жатыр. Бұл тура­лы «Nur.kz» пор­та­лы­на әншінің жетек­шісі Ринат Гай­син: «Әде­мінің өнеріне тән­ті болып, ағы­л­шын тілін­де бір­лесіп ән жазай­ық деген ұсы­ныс түсті. Қазір бұл мәсе­ле­лер­ді ойла­сты­рып жатыр­мыз», – дейді.

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн