Воскресенье , 20 апреля 2025

Келіндерге КЕҢЕС

 

Ене мен келіннің қарым-қатынасы – қоғамдағы әлеуметтік мәселе. Ол көп ретте проблемалық мәселеге айналып кететін жәйттер жиі кездеседі. Нәтижесі – тұрмыстық кикілжің, айырылысу, жалғыз ұлдың әке-шешесімен араздасуы, тіпті кейде криминал… Ал осы әлеуметтік мәселеге әйгілі әнші Мадина Сәдуақасова өзінің келіндік тәжірибесіндегі кеңестерімен «Ана бол» сайтында бөлісіпті.

  1. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады».

Ене ғана емес, жалпы адамның көңілін табудың бір тәсілі – жақсы сөз, мейірімділік. Әрқашан да көңіліне қарап сөйлеу – имандылық белгісі саналмақ. Яғни, енеңіздің мінезін жақсы білгеніңіз дұрыс, көңіл-күйін аңғарып, мейірім-шуағыңызды төгіңіз, жақсы сөздер ғана жанды жылытатынын ұмытпаңыз.

 

  1. Кішіпейіл болыңыз.

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» білдіргеннің артықтығы жоқ.

Үнемі ағайын-туғанмен қарым-қатынасыңыз жақсы болып, сыйластық танытыңыз. Сіздің жақсы болғаныңыздан енеңіздің қадірі артады.

 

  1. Төзімділік.

Әрине, әрдайым сабырлы болып, бәріне төзіп жалыққан боларсыз. Десе де, бір жамандықтың артынан бір жақсылық болады. Сондықтан ашу шақырып, мінез көрсетуден аулақ болыңыз. Әр нәрсенің қайыры бар. Сабыр етіп, төзімділік танытсаңыз – бәрі өз жолымен жүреді.

 

  1. Сыйлықтар жасаңыз.

Енеңізге үнемі көңіл бөліп, сыйлық беріңіз. Ал сыйлық алған кімге де болмасын ұнайды емес пе?

Дұрыс-ақ тұжырымдар. Бірақ біреулер: «Келін атанғанына екі жыл толмаған келіншектің ділмәрсуін қарашы?!» – деп, Мадинаның мазмұнды кеңесіне кекірейе қарауы мүмкін.

Бұл енді дұрыс емес долбар. Себебі – Мадина бұған дейін де келін болған, ененің алдынан ертерек өткен келіншек. Сондықтан оның кеңесі кезінде өзін «бармақ тістеткен» өкініштер мен сәтсіздіктердің сабағынан туған тәжірибелер екені даусыз.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн