ҚОҒАЛЫДА ескерткіш АШЫЛДЫ

 

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Боралдай ауылдық әкімшілігіне қарасты Қоғалы ауылында соғыстан, еңбек армиясынан оралмаған боздақтарға, соғыстан кейін елге келіп, еңбек етіп, қайтыс болған азаматтарға арналып үлкен ас берілді. Аумағы 580 метрден асатын бейіт пен ескі қорымдарға қоршау жасалып, кіре берісіндегі қақпаның маңдайшасына «Қоғалы» деп жазылды.

 

Төмпешік-постаменттің үс­ті­не қойылған қызыл мәрмәр тасқа аты қашалып жазылған барлығы 150-ден астам марқұм болғандар – осы Қоғалыда туып-өскен азаматтар. Аруақ­тарға құран бағышталып, ес­теліктер айтылды. Алғашқы сөздің басын осы ескерткішті орнату жұмыстарын өз қолына алып, ұйымдастыра білген Ордабек Момынқұлов ағамыз бастап, қысқаша баяндама жасады. Кеңестер Одағы заманында Мәскеудегі халықаралық көрмеге қатысқандардың қа­тарында Қоғалы ауылының сол кездегі үздік бөлімше меңге­рушісі Алшынбек Қасқырбаев пен колхоздың бас шопаны Айкелді Қабылов болғанын атап өтті.

Аудан әкімі Батырбек Құле­кеев сөз барысында аудан бойынша 14 ескерткіштің аш­ыл­­ғанын айтса, Қызылордадан келген қонақтардың атынан жасы сексенді еңсерген Мұқит Смайылов, Сағадат Нұрма­ғанбетов атындағы қордың Жамбыл облысы бойынша басшысы Тұрғынғали Нұрсейітов болашақ ұрпаққа үлгі болар игі іске ризашылықтарын білдірді.

Осы шараға Сәтпай Қожам­құлов, Сәрсенбек Құлбаев, Ға­бит Жәйшібеков, Ғалым Қо­жамқұлов, Нұрғали Мырзалиев, Қуаныш Болысбаев қар­жы­лай демеушілік жасаса, ауыл­дың әр түтіні он мың теңгеден жинап, өз үлестерін қосты. Ау­ыл ақсақалдары Бура Көпбо­сынов пен Әзімбек Қасқырбаев, Тұралы Әзімов құрылыс жұ­мысының сапалы жүргізілуіне ақыл-кеңестерін айтып, басы-қасында жүрді.

Аға ұрпаққа тағзым ету – болашаққа өнеге болсын деген ниеттен туған ізгі шараға ауыл, аудан, облыс аумағанынан келіп қатысқан азаматтарға «ДАТ» газеті арқылы алғыс айтып, қуанышымызбен бөлісуді жөн көрдік.

Дәулетбек ҰЛАМАКӘДІРОВ,

зейнеткер

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн