Суббота , 12 июля 2025

БІР МИЛЛИОН бала жартыкеш отбасында ӨСІП ЖАТЫР

Cұрғы­лт статистика

 

Қаза­қстан­да бала­ла­рын өздері тәр­би­е­леп оты­рған жалғыз басты әке­лер саны 60 мың­ның төңіре­гін­де, деп мәлім­деді ҚР Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің бала­лар құқы­ғын қорғау коми­тетінің төраға­сы мін­детін атқа­ру­шы Аяш Макенова.

«Бүгін­гі таң­да Қаза­қстан­да бір бала­сы бар отба­сы саны шама­мен 998 мың, екі бала­сы бар­лар – 865 мың­нан астам, үш бала­сы бар­лар – шама­мен 400 мың», – деді А. Маке­но­ва дүй­сен­бі­де ҚХА рес­пуб­ли­ка­лық ана­лар кеңесінің ІІ оты­ры­сын­да. Бұл рет­те ол Қаза­қстан­дағы 72 мың бала­ның некесіз туы­лға­нын атап өтті, деп хабар­лай­ды ҚазТАГ.

«400 мың­нан астам жалғыз басты әйел мен 60 мың­нан астам жалғыз басты әке­лер бар. Тек ана­сы­мен ғана тұрып жатқан бала­лар саны – 700 мың, тек әкесі­мен ғана тұрып жатқан бала­лар саны 300 мың­нан астам» деген деректі Аяш ханым оты­рыс бары­сын­да келтірді.

Сон­да пар­ла­мент мәжілісінің депу­та­ты Зағи­па Бали­е­ва осы оты­рыс бары­сын­да айтқан­дай, Қаза­қстан­да жал­пы 5 317 670 бала бар бол­са, оның бір мил­ли­о­ны не әкесіз, не шеше­сіз өсіп жатыр деген сөз. Яғни, Қаза­қстан­дағы әр бесін­ші бала жар­ты­кеш отба­сы­лық орта­да өмір сүруде.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн