Суббота , 12 июля 2025

Алматының Амандығы ЖЕТІМДЕРГЕ ҮЙ БЕРДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (308) от 29 октяб­ря 2015 г.

 

«Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі жетім­дер­ге арнап, тұта­стай тұрғын үй сал­ды­рып бер­ді. Алпыс пәтер­лік жаңа бас­па­наға қоны­станған қыз-жігіт­тер енді Аман­дық Бата­ло­втың аман­ды­ғын тілеп, өмір бойы алғыс айтып өтері рас!!! Жетім­дер­ге үй салып бер­ген әкім­дер болып па еді бұрын­да­ры, мен есті­меп­пін. Бата­лов жетім­дер үйін салған әкім ретін­де тарих­та қала­тын бол­ды», – деп жаза­ды Есбо­лат Айдаб­о­сын өзінің «Фейс­бук­те­гі» парақшасында.

 

Осы хабар­ды ести сала, интер­нет­ті ақта­рып, Есбо­лат таратқан хабар­дың мән-жай­ын таптық.

«Тал­ды­қорған­да жетім бала­ларға арналған 60 пәтер­лі тұрғын үй пай­да­ла­нуға беріл­ді – деп жазып­ты zhetysutv.kz пор­та­лы. – Алға­шқы кезек­те жаңа бас­па­наға ата-ана қамқор­лы­ғын­сыз қалған 30 жас ие бол­ды. Қоны­ста­ну­шы­ларға пәтер кілт­терін Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Аман­дық Бата­лов табыст­ап, шаңы­рақта­ры­на шат­тық тіледі.

Отба­ста­ры бол­ма­са да, Отан­да­ры бар! Мұны ақсулық Күмі­с­ба­ев­тар айқын сезін­гелі қашан?! Бес бір­дей ұл әке-шеше­ден шиет­тей қал­ды. «Айна­лай­ын» бала­лар үйін­де өсті. Алға­шқы еке­уі аза­мат болып, аяқта­нып, Алма­ты­ға көшті. Ортан­шы еке­уінің 11 жыл­ды­қты аяқтап, ержетіп, отба­сын құрға­ны осы… «Өмірі­міз өзгенің босаға­сын­да өте ме?!» – деп қат­ты қауіп­те­нетін. Өкі­мет қаңғыт­па­ды. Ағай­ын­ды еке­уі бұй­ыр­тып, бір күн­де бас­па­на­лы болып шыға кел­ді. Бала­лар үйін­де аға­лы-інілі еке­уінің төсе­гі қатар тұра­тын. Енді үйлерінің ара­сын­да үй жоқ. «Қабы­рға­лас көр­шілер­ге» айналды».

Ал «Айна­лай­ын» бала­лар үйінің түле­гі Қай­рат Күмі­с­ба­ев­тың өзі былай дей­ді: «Үйді тал­ды­қорған­дық «Шымыр» серік­те­сті­гі сал­ды. Құры­лыс сапа­сын бастан-аяқ облыс әкі­мі Аман­дық Бата­ло­втың өзі қадаға­ла­ды. Жетім бала­ларға арнап жеке үй салу тура­лы баста­ма көтер­ген де өзі… Игі иде­я­сы 1 жыл 2 айда іске асты. Үйсіз-күй­сіз жүр­ген 50-ден аса жасты қуант­ты. Кілт алған 30-дың 20-сы жұп­та­сып, бала­лы-шаға­лы боп үлгерді».

«Расын­да да, бұл ерекше оқиға. Ел тарихын­да бұрын-соң­ды жетім­дер­ге арна­лып, жеке үй салы­нып көр­меп­ті. Өзге қоныс той­лар­да оншақты ада­мға пәтер кілт­тері сал­та­нат­ты жағ­дай­да табыст­а­лып, өзгесіне соңы­нан тізім бой­ын­ша үле­стірі­ле сала­тын. Бұл жолы ұзақ-сонар бол­са да, 30-ына тегіс көп алдын­да қоше­мет­пен табыст­ал­ды. Өмір­де­гі алға­шқы қуа­ны­шта­ры, шек­те­мей­ік, – деді өңір әкі­мі» – деп жаза­ды zhetysutv.kz.

  1. Әлбет­те, сая­си жағ­дайы басқа өңір­лер­ге қараған­да әлдеқай­да тар­ты­сты облы­стың әкі­міне «жең ішін­де жұды­рық жасы­рып жүр­ген» тақта­ла­ста­ры Ақор­даға ала­бө­тен әңгі­ме жет­кіз­бес үшін айтай­ық: жетім­дер­ді тұрғын үймен, жеке пәтер­лер­мен қам­та­ма­сыз ету бағ­дар­ла­ма­сын ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі бекіт­кен. Ал Бата­лов бол­са, сол бағ­дар­ла­ма­ны тап-тұй­нақтай етіп орын­да­у­шы ғана. Сон­ды­қтан Аман­ды­ққа ала­көз ағай­ын­дар әкім­нің орнын «тар­тып алу­дың» ама­лы­мен Ақор­даға сөз тасы­ға­ны – пре­зи­дент­тің пәр­меніне қар­сы шыққа­ны. Бұл құлаққағы­сты қас­ке­леңдік «қағы­лез­дер­дің» айтағы­на ерген, өзін облыс әкі­мі болу дәре­же­сіне жет­ті­ге санап жүр­ген тақта­ла­старға ескер­ту үшін айтамыз.

Айт­пақ­шы, Аман­ды­қтың «арты­на түс­кен» ала­көз­дер хақын­да хат алдық. Онда жазы­лған жәйт­ті редак­ци­я­лық тек­се­ру­ден кей­ін, бөлек жария етерміз…

Ермұрат БАПИ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн