Воскресенье , 20 апреля 2025

«Өндіргеновтің ісі» НЕГЕ ӨНІМСІЗ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (308) от 29 октяб­ря 2015 г.

 

Редак­ци­яға хат

 

Осы­дан жар­ты жылға жуық уақыт бұрын Ақтө­бе­де­гі «Емшан-Emshan Co» ком­па­ни­я­сы­ның пре­зи­ден­ті, облы­стық мәс­ли­хат депу­та­ты, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның мүше­сі Мей­ір­жан Өндір­ге­но­втың (сурет­те) үсті­нен қыл­мыстық іс қозға­лып, оның былық-шылы­ғы рес­пуб­ли­ка­лық БАҚ арқы­лы жап­пай жазы­лып, теле­ди­дар­дан мил­ли­ард­таған қар­жы­сы тәр­кі­лен­гені көр­сетіл­ген еді. Міне, содан бері Өндір­ге­нов­ке қаты­сты жағ­дай өзге­ре бастаған сияқты. «Нұр Отан» пар­ти­я­сы мүше­сі­нен зәбір көр­ген жәбір­ле­ну­шілер енді­гі жер­де Өндір­ге­нов толық «ақта­лып» шығуы мүм­кін деген күдік­пен отыр. Себебі жер­гілік­ті мил­ли­ар­дер атанған Өндір­ге­нов өйтіп-бүй­тіп, сол қыл­мыстық істен құты­лып кете­ді-ау деген күдік басым.

Біз – Өндір­ге­но­втің ком­па­ни­я­сы­на қарас­ты «Авто­парк» кәсі­пор­ны­ның бір топ жүр­гі­зу­шілері, бір­не­ше жыл­дан бері алмаған, біз үшін бел­гісіз біре­улер қол қой­ып, сыр­ты­мы­здан ием­ден­ген жалақы­мы­зды әлі алған жоқ­пыз. Ал бұл жағ­дай тер­геу жүр­гіз­ген қар­жы поли­ци­я­сы­ның қаулы­сы­мен және сот­тың қол­таң­ба сарап­та­ма­сы­мен тай­ға таң­ба басқан­дай аны­қталған болатын.

Ол аз десеңіз, 2009 жылғы ақпан айын­да «Авто­парк» ЖШС-нің бас­шы­лы­ғы­ның, аны­ғы­рақ айта­тын бол­сақ, «Емшан-Emshan Co» ком­па­ни­я­сы­ның пре­зи­ден­ті М. Өндір­ге­но­втің тіке­лей нұсқа­уы­мен бір топ адам авто­бус жүр­гі­зу­шілерінің үйіне келіп, ондағы әйел­дер мен бала-шағаға дей­ін сабап, дене жарақа­тын салға­ны да аны­қталған еді. Ол жөнін­де ҚР Қыл­мыстық кодексі 327-бабы­ның 3‑бөлігімен қыл­мыстық іс қозғалған еді. Бұл қыл­мысқа да жау­ап бер­ген ешкім бол­ма­ды: көз алда­у­мен бас инже­нер М.Қожағұлов жаза­ланған-сымақ болып, үш жыл шар­тты жаза­ға кесіл­ді. Жеген таяқ, бұзы­лған жүй­ке, қоры­ққан бала осы­лай­ша депу­тат Өндір­ге­но­втің оң қолы Қожағұ­ло­втың «ал, маған не істер екен­сің­дер» деген әжу­а­лы мысқы­лы­ның астын­да қал­ды. Нағыз қыл­мыс­кер­лер еш жаза­сыз құты­лып кетті.

Осы ала­яқтық жол­мен жасалған ұйым­дасқан қыл­мыс тура­лы ары­здан­баған жері­міз қал­ма­ды. Ешқан­дай шара алын­ба­ды. Бірақ «аққа құдай жақ» деген­дей, Мей­ір­жан Өндір­ге­но­втің біз­ден басқа да, мәсе­лен, «БатысОп‑1» ЖШС-нің дирек­то­ры Т.Сабырғазиевке де, сол сияқты жазы­қ­сыз аза­мат Пір­ма­но­вқа да зәбір көр­сет­кені, мем­ле­кет бюд­жетінің мил­ли­ард­таған қар­жы­сын ұрлаға­ны, үйі­нен мил­ли­ард­тап ақша табы­лға­ны аны­қталға­ны­на да, міне, жар­ты жыл­дың жүзі болды.

Алай­да біздің түсін­бей­тіні­міз мынау: Ақтө­бе облы­стық про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Ж.Мұхамедьяров № 2−03160−15−05856 саны­мен бел­гі­лен­ген біздің ұжым­дық ары­здың қара­ла­ты­ны тура­лы хабар­лаған бола­тын (08.06.2015 ж.). Сол сияқты №2–7‑3/4963 бел­гісі соғы­лған (21.07.2015 ж.) Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет істері және сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің Ақтө­бе облы­сы бой­ын­ша депар­та­мен­ті басты­ғы­ның орын­ба­са­ры Р.Ақмырзаев қыл­мыстық іс қозға­лып, сотқа дей­ін­гі тер­геу жүріп жатқа­нын мәлімдеді.

Бірақ бар­лық іс осы­мен біт­кен сияқты. Осы уақы­тқа дей­ін бізді – жәбір­ле­ну­шілер­ді ешкім шақыр­ма­ды, не жау­ап алу, не бет­те­су болған жоқ.

Өндір­ге­но­втің қыл­мысы­на қаты­сты дәлел­дер­дің бәрі қол­мен қой­ған­дай анық бол­са да, оны сұрап жатқан ешкім жоқ. Тек өзі­міз апарған құжат­тар­ды алып қала­ды да, «жау­ап бере­міз» деген желе­умен қала береді. Бізді бір­не­ше жыл сүй­ре­ле­ген тер­ге­ушілер тағы да сол баяғы әніне басты ма деген күдік­ті сау­ал тағы да көлбеңдейді.

Айдан анық нәр­се – бір­не­ше жыл­дан бері ары­зда­нып жүр­ген бізді – жәбір­ле­ну­ші жүр­гі­зу­шілер­ді тер­геу ісіне неге шақыр­май­ды? Өндір­ге­но­втің ісіне қаты­сты біздің құжат­та­ры­мыз қыл­мыстық іске неге алын­бай­ды? Әлде тер­геу орын­да­рын­да Өндір­ге­но­втің мил­ли­ард­та­ры­на мал­данған, қыл­мысты ашпа­уға ниет­ті бар бір топ бар ма?

Біздің осы сау­ал­да­ры­мы­зға жер­гілік­ті тер­геу орын­да­ры­нан, про­ку­ра­ту­ра орган­да­ры­нан тиісті жау­ап ала алмаған­ды­қтан, біз осы мәсе­лені газет арқы­лы көте­руді жөн көрдік.

Егер бүкіл рес­пуб­ли­ка­ны шулатқан осы тер­геу ісінің соңын­да Өндір­ге­нов жаза­дан құты­лып кетер бол­са, «Авто­парк» ЖШС-нің жүр­гі­зу­шілері сая­си акция ұйым­да­сты­руға дей­ін бара­ты­нын тиісті меке­ме бас­шы­ла­ры­ның наза­ры­на салғы­мыз келеді.

Жәбір­ле­ну­шілер атынан –

Нығы­мет­бай Ермаханов,

Ақтө­бе қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн