Воскресенье , 20 апреля 2025

Шара қолдануды СҰРАЙМЫН 

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (308) от 29 октяб­ря 2015 г.

 

Пре­зи­дент­ке хат

 

Аса қадір­мен­ді Нұр­сұл­тан Әбішұлы!

Алды­мы­зда бағы­ты­мыз айқын, жолы­мыз ашық. Біздің мін­деті­міз ота­ны­мы­зға адал еңбек етіп, мақ­са­ты­мы­зға жету. Дегені­мен де, ащы бол­са да, шын­дық қоғам­да орын алып, тиісті дең­гей­де шеші­мін тап­пай оты­рған кей­бір келеңсіздік­тер­ді айт­пасқа бол­мас. Сон­дай келеңсіз жағ­дай­лар­дың бірі «Қазақ Онко­ло­гия және радио­ло­гия ғылы­ми зерт­теу инсти­ту­ты» РМК ұжы­мын­да қалып­та­сып оты­рған аху­ал­дың түп­кілік­ті оң шеші­мі өз тара­пы­ңы­здан бола­ды деген үміт­пен жазып отыр­мын. Аталған инсти­тут­тың дирек­то­ры м.ғ.д. Қуа­ныш Нұрға­зи­ев, орын­ба­са­ры м.ғ.к. Гүл­жай­нат Тіле­ген тара­пы­нан туын­даған заң­сызды­қтарға шағым­да­нып, жоға­ры жаққа, атап айтқан­да, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на, Қаза­қстан Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар мини­стр­лі­гіне, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­на жазған хат­та­ры­мы­зға беріл­ген жау­а­пқа көңілі­міз тол­маған­ды­қтан, соңғы үміті­міз – өзіңіз­де. Әділ­дік­ті өзіңіз­ден күтеміз.

Инсти­тут дирек­то­ры және оның орын­ба­са­ры­ның қабыл­да­у­ла­рын­да жұмыс бары­сын­да бір­не­ше рет бол­дым, мәсе­лені соңы­на дей­ін тың­дап, қол­дау көр­сет­пек тұр­мақ, қыз­мет­тік әдеп­ке сай, кезек­ші көңіл жуа­тар жау­ап та қай­та­рыл­май­ды: әр кез дөрекі жау­ап, мен­сін­бе­ушілік. Бұл жағ­дай тек маған қаты­сты ғана емес, басқа да дәрі­гер­лер­дің нара­зы­лы­ғын туғы­зды. Сон­ды­қтан да жоға­ры жаққа алты адам қол қой­ған хат жол­дан­ды. Бүгін­гі таң­да олар­дың кей­біре­уі мәж­бүр­лі түр­де жұмыстан шыға­рыл­ды да.

Бас про­ку­ра­ту­ра­дан кел­ген тек­се­ру бары­сын­да қар­жы­лық бұзу­шы­лы­қтар, заң талап­та­рын сақта­мау, еңбек заң­ды­лы­қта­ры­ның сақтал­мауы, науқастар­ды бопса­лау, т.б., әре­кет­тері аны­қта­лып, аны­қта­ма тол­ты­ры­лға­ны­мен, Инсти­тут бас­шы­лы­ғы оны елең де қыл­ма­ды. Біздің топ­шы­ла­у­ы­мыз­ша, жоға­ры­дан қол­да­у­шы­сы бар, жал­пақ ел ішін­де­гі тіл­де айтқан­да – «кры­ша­сы» мықты. Олай дей­тіні­міз, біз атап көр­сет­кен кем­шілік­тер толы­ғы­мен бұл­тарт­пас айғақ­пен дәлел­де­ген­нің өзің­де мини­стр­лік­тен кел­ген тек­се­ру комис­си­я­сы­ның өкілі бір сағат Инсти­тут бас­шы­лы­ғын жақтап сөй­леп, ешкім­ге сөз бер­ме­стен жина­лы­сты аяқтады.

Мем­ле­кет­тік орган тара­пы­нан қанағат­та­нар­лық жау­ап бол­маған­ды­қтан, мақа­ла дай­ын­дап, БАҚ-та жария еттік. Халық та жемқор­лы­ққа қар­сы күрес бағ­дар­ла­ма­сы­ның іске асы­ры­луы­мен таныс бол­сын, көкей­і­міз­де­гі ой түй­іт­кілі­мен жұрт­шы­лы­қ­пен бөлі­сей­ік деген оймен.

Өз елім­нің ерік­ті аза­ма­ты ретін­де әрі халқы­мы­здың «Бас кеспек бол­са да, тіл кеспек жоқ» деген сөзін демеу ете оты­рып, наза­ры­ңы­зға датым­ды жет­кіз­гім келеді. Инсти­тут дирек­то­ры Қуа­ныш Нұрға­зи­ев, орын­ба­са­ры Гүл­жай­нат Тіле­ген­ге үлкен ұжым­ды басқа­руға сенім арты­ла­ды. Инсти­тут­та жеті жүз­ге жуық қыз­мет­кер бар, елі­міз­де­гі үлкен ғылы­ми орта­лы­қтар­дың бір­ден-бірі бола тұра, мем­ле­кеті­міздің рәміз­дер күні атал­май­ды, атап өту­ге жасалған ұсы­ны­сқа мән де бер­ген жоқ. Мем­ле­кет­тік тіл аху­а­лы Инсти­тут бас­шы­лы­ғын еш алаң­датқан емес, бұл жөнін­де бас­пасөз бетіне жари­я­лан­ды, алай­да Инсти­тут бас­шы­сы ретін­де Қ.Ш. Нұрға­зи­ев қан­дай да бір шешім қабыл­да­уға ниет біл­дір­меді. Тіл мәсе­лесі жөнін­де ұсы­ныс айтып қабыл­да­уын­да болға­ным­да, «тыныш жүр, қай­да бар­саң, сон­да бара бер» деп каби­неті­нен шығуым­ды өтінді.

Аса құр­мет­ті Елба­сы! Сіздің наза­ры­ңы­зға аталған мәсе­ле­лер­ге қаты­сты бар­лық мате­ри­ал­дар­ды салып, арнайы хат жол­да­сам да, ол хат­ты тек­се­ру мәсе­лесі айна­лып келіп, жер­гілік­ті бас­шы­лы­ққа жөнел­тіледі. Бірақ ол орган­дар орын алған келеңсіздік­тер­ді аны­қ­та­са да, одан қоры­тын­ды жасалмайды.

Мен өз басым үшін ешнәр­се сұра­май­мын, Аллаға шүкір, өзі­ме жүк­тел­ген жұмысым­ды атқа­рып, наным­ды тауып, бала-шаға­ны жет­кіздім. Қоғам­дық жұмыстарға, сай­лау науқа­ны­на, өзге де шара­ларға бел­сен­ді қаты­сып жүріп, еңбе­гім еленіп, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы, әкім­шілік тара­пы­нан әр дең­гей­де­гі мара­пат­тарға ие болдым.

 

Өзіңіз­ге деген ықыласпен,

Берік Әдиұ­лы

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн