Воскресенье , 20 апреля 2025

Балғынбек неге «БЫЛҚЫЛДАДЫ»?

 

 

Тал­ды­қорған­да тәт­ті күн­дер, тәт­ті күндер!

Бұл айты­сқа шат күлің­дер, шат күліңдер!

Осы­мен мен кете­мін пенсияға,

Балғын­бек­тің соңғы айты­сы деп білін­дер! – деген айтыс­кер ақын Балғын­бек Има­шев айты­сқа қай­тып кел­мей­тінін айтты.

«NUR.KZ» тіл­шісі әйгілі ақын­ның аяқ асты­нан айты­стан кетуінің себебін аны­қтау үшін хабар­ласқан екен. Алай­да тіл­ші­ге Има­шев иман­дай шеші­мін былай түсін­діріп­ті: «Қазір айты­ста нағыз лай­ы­қты қар­сы­ла­стар қал­ма­ды», – дейді.

Дәл осы ара­да Има­шевқа ила­на қою қиын. Айтыс деген бел­гілі бір спорт­тың түрі неме­се мың бұралған балет емес: «жасым кел­ді – кет­тім» дей­тін. «Күш ата­сын таны­мас» деген­дей, айты­ста «маған шақ қар­сы­лас қал­ма­ды» деу – күпір­шілік­тің сөзі. Ары­ға бар­май-ақ айтар бол­сақ, бер­гі Жам­был да, кеше­гі Шәкер Әбе­нов те бой­ла­ры­нан күш-қуат кет­кен­ше айты­сқан. Одан бер­гі Манап Көке­нов көзі жұмы­лғанға дей­ін өмір­ден «айты­сып» өткен.

Шама­сы, Балғын­бек­тің «былқыл­дап» қалуы «қар­сы­лас қал­мауы­нан» емес, өзін ден­де­ген дін­нің дегені болуы керек. Соңғы кез­дері өзі жиі сурет­ке бір­ге түсуді дәстүр­ге айнал­ды­рған (интер­нет желісін қараңыз) Мұха­мет­жан Таза­бе­ков те айты­стан «арда кет­кен» еді. Егер дәл солай бол­са, қаза­қтың төл өнерін жал­пы­ла­ма ислам­ның қол­жа­улы­ғы­на айнал­ды­рған ағай­ын­дарға артық сөз айту айып шығар…

 

Топ­та­ма­ны дай­ын­даған – Жан­сая ЕРТАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн