Назарбаев ағылшын бизнесмендеріне БІРЕГЕЙ ЖАҒДАЙ ЖАСАП БЕРЕДІ…

 

Ұлыбританияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ағылшын іскер топ өкілдерімен кездесуінде «Қазақстанның инфрақұрылымдық даму, көлік және телекоммуникация, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, металлургия және мұнай химиясы салаларында белсене жұмыс істеп жатқандары үшін британ инвесторларына алғыс айтты», деп хабарлады президенттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Н. Назарбаев бірлескен жұмысты жалғастыру үшін қажетті әлеует бар екенін атай отырып, еліміз инвесторларға бірегей жағдай жасау ісін жалғастыра беретінін айтты.

Инвестицияға зар болған Қазақстан үшін ел президентінің «бірегей жағдай жасап беремін» деген уәдесін түсінуге болады. Бірақ сан түрлі салық кеңірдегінен қысқан қазақстандық бизнеске қандай жеңілдік жасалады? Елдегі дағдарысты мойындап, жағдайдың қиындайтынын ескерткен Н. Назарбаев бұл жөнінде әзірге ләм-мим деген жоқ.

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн