Суббота , 5 июля 2025

Ау, қымбатшылық, ҚАЙДА БАРАСЫҢ?

 

Қаза­қстан­да өткен айда қарақұ­мық пен күн­бағыс майы едәуір қым­бат­таға­нын Қаз­ТАГ агент­ті­гінің азық-түлік баға­ла­ры­на жасаған мони­то­рин­гі көр­сетіп тұр.

 

Алды­ңғы жасалған мони­то­ринг­пен салы­сты­рған­да, Орал­да қарақұ­мық баға­сы 153 тең­ге­ге қым­бат­тап, оның 1 келісі 490 бол­ды (Қаза­қстан­дағы ең қым­бат баға), ал Пет­ро­пав­лов­скі­де аздап арзан­дау – Т429 (+Т68). Тараз­да да қарақұ­мық баға­сы көтеріл­ді (+Т117) – 1 келісі Т376. Алма­ты­да қарақұ­мық баға­сы Т356 (+Т46), Аста­на­да – Т317-ден (-Т39) сатылуда.

Сон­дай-ақ өткен айда күн­бағыс майы да қым­бат­та­ды. Мыса­лы, Тараз­да оның 1 лит­рі Т448-ден (Қаза­қстан­дағы ең қым­ба­ты) сатыл­са, ол қазан айын­дағы­дан Т110-ға қым­бат, Көк­ше­та­уда баға Т56-ға көтеріліп, Т435-тен саты­лу­да. Қоста­най мен Орал­да оның баға­сы 1 л үшін Т417 болып, ол өткен айдағы­дан Т38-ге қым­бат бол­ды. Өске­мен­де бірін­ші сұрып­ты нан баға­сы өткен аймен салы­сты­рған­да Т4-ке арзан­даға­ны­мен (Т72), ондағы нан баға­сы Қаза­қстан бой­ын­ша ең қым­ба­ты болып тұр. Аста­на­да нан Т58-ден (-Т1), ал Алма­ты­да нан баға­сы бұры­нғы­сын­ша қал­ды – Т60.

Аста­на­да ұн баға­сы Қаза­қстан бой­ын­ша ең қым­ба­ты – 1 келісі Т184 (-Т3). Ал ең қым­бат­таға­ны Аты­ра­уда (+Т7), 1 к‑сі – Т176.

Одан басқа, Аста­на­да мака­рон қым­бат­та­ды, 1 келісі Т442 (+Т32). Өске­мен де мака­рон баға­сы – Т396 (+Т30), Алма­ты­да –Т370 (+Т70). Қызы­лор­да­да оның баға­сы – 238 (+Т11), ең арза­ны Қоста­най­да – Т178.

Күріш баға­сы Тараз­да едәуір көтеріл­ді (+Т52) – Т302, Алма­ты­да баға аздап көтеріл­ді – 1 келісі Т240 (+Т10), ал Аста­на­да бұры­нғы­сын­ша Т275 болып қалды.

Кар­топ­тың ең қым­ба­ты Тал­ды­қорған­да – 1 келісі Т127-ден. Аты­ра­уда оның баға­сы Т117-ден, ал Пав­ло­дар­да ол ең арзан – Т51-ден.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн