Ұлттық банк бір айда $3,9 МЛРД  САТТЫ

 

Қазақстан Ұлттық банкі қазан айында валюта нарығында 3,9 млрд АҚШ долларын сатқанын хабарлады. Ұлттық банктің таратқан ақпаратына қарағанда, 3,9 млрд доллар «Нұрлы жол» бағдарламасын қаржыландыруды жалғастыру үшін Ұлттық қордан алынып, валюта нарығына жұмсалған. Сатылған доллардың 2,7 млрды «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының облигацияларын сатып алуға жұмсалған.

Ұлттық банк тамызда теңге бағамын еркіне жіберген соң, теңге бірден 30 пайызға құнсызданған. Қыркүйектің ортасында доллар бағамы 300 теңгеге жеткенде, Ұлттық банк валюталық интервенция жасайтынын мәлімдеген.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн