Суббота , 5 июля 2025

Данияр Ақышев бас банкіге «АТЫЛУҒА» КЕЛДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (309) от 05 нояб­ря 2015 г.

 

Апта апты­ғы

Кел­ді-кет­ті демеңіз

 

ҚР пар­ла­мен­тінің сена­ты Ұлт­тық банк төраға­сы лау­а­зы­мы­на пре­зи­дент­тің көмек­шісі қыз­метін уақыт­ша атқа­ру­шы – пре­зи­дент әкім­шілі­гінің Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық мони­то­ринг бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі Дани­яр Ақы­шев­тың кан­ди­да­ту­ра­сын мақұл­да­ды, деп хабар­ла­ды бұдан бұрын ҚазТАГ.

 

Ұлт­тық банк жүй­есін­де бір­не­ше жыл­дан бері жұмыс жасап, соңғы кез­де пре­зи­дент әкім­шілі­гі бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі, ҚР пре­зи­ден­тінің көмек­шісі болып кел­ген жас жігіт­тің бас бан­кир болып тағай­ын­да­луын сарап­шы­лар әртүр­лі баға­ла­уда. Осы тағай­ын­дау болған күн­нен тең­генің дол­ларға шаққан­дағы баға­мы күрт өсе бастаға­нын ескер­сек, Ақы­шев­тың ақы­ры не бола­ры бей­мағлұм. Себебі – ел пре­зи­ден­ті оған қар­жы нары­ғы­ның сұра­ны­сы мен ере­же­сіне сай қыз­мет қыл деп, еркін­дік бер­се де, ертең­гі күні Қаза­қстан­дағы дол­лар­дың құны еуро­ны басып озар бол­са, Нұр-көкесі Ақы­шев­тың арқа­сы­нан қаға қой­ма­сы аян.

Сон­ды­қтан Дани­яр мыр­за не Қаза­қстан­ның банк-қар­жы сала­сын жөн­дей­ді, не Келім­бе­то­втің соңы­нан кете­ді. Ал Қаза­қстан­ның қазір­гі хал-аху­а­лы­на қараған­да, Дани­яр мыр­за­ға «жөн­деу» жұмыста­ры оңай­ға соқ­пай­тын түрі бар. Осы тұрғы­дан кел­ген­де, банк сек­то­ры сарап­шы­ла­ры­ның «Ақы­шев аты­луға кел­ді» деуі дал­ба­са сөз бол­ма­са керек.

Деген­мен, оны тағай­ын­дау жөнін­де­гі жар­лы­ққа қол қояр алдын­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев: «Қазір банк­ке және ұлт­тық валю­та – тең­ге­ге деген сенім азай­ды, бұған жол беру­ге бол­май­ды. Елде тең­ге өтім­ділі­гінің тап­шы­лы­ғы сезіледі, эко­но­ми­ка­ны неси­е­леу көле­мі төмен­де­уде. Бұлар – төмен көр­сет­кі­ш­тер, олар­ды түзе­ту үшін жұмыс істеу керек. Дани­яр Ақы­шев­тың білі­мі мен тәжіри­бесі оған осы мін­дет­ті атқа­руға сеп­ті­гін тигі­зетініне сенім­ді­мін», – деген еді.

Мұн­дай «сенім­ді» Назар­ба­ев мыр­за кетіп қалған Келім­бе­тов кел­ген кез­де де айтқан. Бірақ қар­жы-банк сая­са­тын жаса­мақ түгілі, ол сала­ның тер­ми­но­ло­ги­я­сын түсін­бей кет­кен Келім­бе­тов­ке деген сенім күл-талқан болға­нын қос деваль­ва­ци­я­ның дегені­нен біле беріңіз.

Десек те, Ақы­шев­тың айы оңы­нан туға­ны оның өзі­нен бұрын, қарай­ған халы­ққа қажет қисын боп тұр. Тәл­тірең­де­ген тең­генің түзе­луі – мұқым елдің мүд­десін маза­лаған мін­дет. Ал егер Дани­яр дағ­да­ры­сты ден­де­ме­се, дөкей оны ден­дей­ді. Сол себеп­ті Дани­ярға ден­са­улық және табысты қыз­мет тілейік.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн