Суббота , 5 июля 2025

«ҚОРҒАС ҚЫЛМЫСТЫЛАРЫ» түрмеде отыр ма, курортта жүр ме?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (309) от 05 нояб­ря 2015 г.

 

 

Редак­ция пошта­сы­на түс­кен мына сурет­те­гі кей­іп­кер­лер­дің біра­зы жұрт­шы­лы­ққа бел­гілі бол­са да, таны­сты­ра кетей­ік – дені осы­дан бір жыл бұрын аты шулы «Қорғас ісі» бой­ын­ша сот­талған бұры­нғы лау­а­зым­ды тұлға­лар. Сол жақтан екін­ші оты­рған – Ақмо­ла облы­стық ҰҚКД (ДКНБ) дирек­то­ры­ның бұры­нғы орын­ба­са­ры Бақыт­бек Құр­ма­на­ли­ев (16 жылға сот­талған); оның сол жанын­дағы – ҚР ҰҚК‑і 5‑департаменті басты­ғы­ның бұры­нғы орын­ба­са­ры Талғат Жақа­ев (17 жылға кесіл­ген); Оң жақтан екін­ші оты­рған – ҚР ҰҚК‑і 4‑департаментінің бұры­нғы басты­ғы Ирлан Абд­рах­ма­нов (17 жыл); оның арғы жағын­дағы – Алма­ты облы­стық Кеден депар­та­мен­тінің бұры­нғы басты­ғы Құр­ман­бек Арты­қ­ба­ев (14 жыл). Ал сол жақтан төр­тін­ші оты­рған – шама­сы, бұры­нғы Қар­жы поли­ци­я­сы Алма­ты қала­лық депар­та­мен­тінің бұры­нғы дирек­то­ры Сер­гей Кузь­мен­ко. Ол жоға­ры­да аталған төр­те­у­ге дей­ін, кезін­де­гі Рахат Әли­ев­тің қыл­мысты істеріне бай­ла­ны­сты сот­талған болатын.

Иә, бәрі – бұры­нғы­лар. Қазір бұлар қатаң тәр­тіп­те­гі түр­ме­де жаза­ла­рын өте­уде. Бірақ мына сурет­те оты­рған түр­леріне қараған­да, олар­ды «қатаң тәр­тіп­те­гі түр­ме­де отыр» деп айта алмай­сың: мол жай­ы­лған дастар­хан­ның басын­да кең-кең келісті кел­бет­тер отыр. Шама­сы, төр басын­да ақ май­ка­да оты­рған орыс тек­тес – түр­менің «паха­ны» болуы мүмкін.

Қалған­да­ры – кеуде­леріне таң­ба басы­лған қара жей­де киіп отыр деме­сең, түр­лері түр­ме­ге дей­ін­гі тоқ­шы­лы­қтан түңіл­ген адам­дарға ұқса­май­ды. Бостан­ды­қта қымқы­ры­лған мыңғы­рған мил­ли­ард­тар­дың мығым күшін бұлар «түр­ме­де» де көр­сетіп оты­рған сыңай­лы. «Пахан­ның» ту сыр­тын­да теле­ди­дар көр­сетіп тұр; «түр­ме» тере­зе­леріне алтын жіп­пен көм­керіл­ген пер­де ілін­ген; алда­рын­да – астау-астау тамақ. Бірақ тостаған­да­ры­на құй­ы­лға­ны сусын ба, «басқа» ма – оны айы­ру мүм­кін емес.

Бұл – олар­дың «қатаң режим­де» оты­рған түр­лері. Бірақ бұл режим­де ВИП-каме­ра бола ма, бол­са – онда аста-төк тамағы төгіл­ген дастар­хан жай­ы­ла ма? Бұл сұрақтар­ды біз Ішкі істер мини­стр­лі­гі мен Әділет мини­стр­лі­гінің тиісті лау­а­зым­ды тұлға­ла­ры­на жол­дай­мыз. Мақ­сат – «жығы­лған­ды жұды­ры­қтау» емес. Мақ­сат – бүгін­гі әділет­сіздік биле­ген заман­да «түр­ме­ге түс­кен­нің» де төрелі­гі төпеп тұрған ақиқат­ты анықтау.

Әлбет­те, жігіт­тер­дің жағ­дайы жаман бол­маға­ны жақ­сы. Бір қыл­мыс үшін екі жаза жоқ: мерзім­ді мезет­терін өтеп, отба­сы­ла­ры­на орал­сын. Бірақ ол «жақ­сы­лық» бұларға ғана бұй­ы­рған ба, жоқ әлде қаза­қстан­дық түр­ме­лер­де оты­рған мың­даған «жаза басқан­дар­дың» жағ­дайы осы ма? «Қорғас қыл­мысты­ла­ры» түр­ме­де отыр ма, әлде курорт­та жатыр ма? Біздің біл­ме­гі­міз – осы­лар ғана.

Сырым ДАТОВ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн