- Қазақстандық әнші Жанар Дұғалова атақты актер Леонардо Ди Каприомен бірге фильмге түскісі келетінін айтты. Бұл туралы әнші Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Тілшінің «Көкейіңізде жүрген алып арманыңыз бар ма?» деген сұрағына әнші Жанар: «Иә, бар. Леонардо Ди Каприомен бірге бір фильмге түскім келеді», – деп жауап қатқан.
Әрине, әншінің Мәскеуде алған негізгі мамандығы – актриса екенін ескерсек: ол әлдеқашан отандық фильмдерде әртістік шеберлігімен танылып үлгерген болатын. Сұхбат барысында әнші бір-екі жерге кино түсіріліміне шақырту алғанын айтып өтті. Алайда Жанар бұл шақыртуға жауабын кесіп айтпады: біраз ойланатынын айтты.
Қазіргі таңда «Shine production» продюсерлік орталығында жұмыс жасамаса да, аталмыш орталыққа композитор ретінде ән жазатынын, алда атқаратын қыруар жұмыстың барын да жасырып қалмады.