Суббота , 5 июля 2025

«ЖАС АЛАШ» Жасанның өзін  СОТҚА БЕРДІ

 

«Жас Алаш» газеті «бұл басы­лым абы­рой­ым мен ар-намысым­ды қара­ла­ды» деп сотқа бер­ген «Жас-Ай» тибет-шығыс меди­ци­на­сы орта­лы­ғы­ның жетек­шісі Жасан Зекей­ұлы­на қар­сы шағымданды.

 

Алма­ты қала­сы Алма­лы аудан­дық №2 сотын­да өтіп жатқан сот­та газет­тің бас редак­то­ры Рыс­бек Сәр­сен­бай «Жасан Зекей­ұ­лы әле­умет­тік желі­де­гі парақ­ша­сын­да жеке жур­на­ли­стер­дің ғана емес, тұта­стай редак­ция ұжы­мы­ның, «Жас Алаш» газетінің халық алдын­дағы беделіне зиян кел­тіретін, шын­ды­ққа сәй­кес кел­мей­тін жала жари­я­лап, көп­шілік­ке тарат­ты» деп мәлім­деді. Рыс­бек Сәр­сен­бай: «Жасан Зекей­ұ­лы маған, бас редак­тор­лар­дың орын­ба­сар­ла­ры Әмір­хан Мең­де­ке мен Ерік Рахы­мға және «Жас Алаш» газетінің тіл­шісі Меру­ерт Құсай­ы­но­ваға 100 мил­ли­он тең­ге­ден – бар­лы­ғы 400 мил­ли­он тең­ге мораль­дық шығын өндіруді сұрай­мын», – деді. Судья талап-ары­зды бөлек тап­сы­ру қажет екенін айтты.

Бұл сот­та жәбір­ле­ну­ші тарап өкілі «Жас Алаш» газетін­де­гі Жасан Зекей­ұ­лы тура­лы жазы­лған мақа­лаға жасалған фило­ло­ги­я­лық сарап­та­ма­сын ұсын­ды. Алай­да жау­ап­кер жақ пен сотқа үшін­ші тұлға ретін­де қаты­сып, сөз алған қоғам­дық бел­сен­ділер сарап­та­ма­ның «заң тала­бы­на сәй­кес кел­мей­тінін» айт­ты. Сот про­цесін­де «Мақа­ла­да айты­лған жайт­тар Жасан Зекей­ұлы­ның ар-намысы­на тие ме, жоқ па?» деген мәсе­ле де талқыланды.

«Жас Алаш» газеті жағы­нан қаты­сқан Мар­жан Аспан­ди­я­ро­ва талап-арыз беру­ші Жасан Зекей­ұлы­ның өзін сотқа шақы­ру­ды сұра­ды. Сот бұл өтіні­шті қабыл­да­ды. Жасан Зекей­ұ­лы бұған дей­ін сотқа жеке өкілін жіберіп келген.

Шағым­да­ну­шы Жасан Зекей­ұ­лы сот­тан газет­тің шығуын алты айға тоқта­ту­ды, басы­лым мен тағы үш ада­мға жиы­ны 400 мил­ли­он тең­ге (1 мил­ли­он 500 мың дол­ларға жуық – Ред.) өте­мақы төле­туді сұрай­ды. Жасан Зекей­ұ­лы газет­тің жаз­ба­ша түр­де кешірім сұра­уын да талап еткен.

Бұл сот қазан­ның 12-сі күні басталған.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн