Биліктегі «Нұр Отан» партиясының хатшысы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы Kaspi Bank-тің акционерлері құрамына кірді, деп хабарлады банктің ресми сайты.
Банк таратқан ақпаратқа қарағанда, Kaspi Bank ұлттық банктен холдинг деген мәртебе алған. Kaspi Bank-тің акционерлері банктің директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким, Қайрат Сатыбалдыұлы мен банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе және «Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» халықаралық инвестициялық компанияларының басқаруындағы қорлар болған.
Kaspi Bank-тің мәліметінше, қазір Сатыбалдыұлы мен Ломтадзенің банктегі үлесі 10 пайыздан аз. Екі акционер де алдағы уақытта банктегі үлесін арттыруды көздейді.
Azattyq.org