ТҰМАУДАН САҚТАН… ДӘРІ ҚЫМБАТТАДЫ

 

Алматы дәріханаларында тұмау мен ОРВИ кезінде пайдаланатын дәрілер бағасы жыл басынан бері 60%-ға қымбаттады, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

 

Сонымен, «Терафлю №10» 60%-ға қымбаттап, 900 теңге болған, ал бір орамы 2400 теңге тұратын «Coldrex №10» 40%-ға – сәйкесінше Т600 және Т2100 болды. «Инсти» шайы Т80 қымбаттап, Т400 болды. Қазақстанда шығарылған «Ремантадиннің» бір орамы Т490 тұрады.

«Фервекс» орамы Т1650-ден сатылуда, ал ақпанда оның бағасы Т1500 болған еді, «Ингавириннің» бағасы Т2600-ден Т2900-ға дейін өсті.

ҚР-дағы халықаралық дәрі-дәрмек өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Светлана Оспанованың айтуынша, тамыздан бері кейбір дәрілердің бағасы 30–40%-ға өскен. «Қаншалықты құнсыздану болса, есептеңіз, дәрі-дәрмектің бағасы да соншалықты өседі. Себебі олардың барлығы сырттан әкелінеді. Қайткен күнде де дәрі-дәрмек бағасы қымбаттайды, себебі оларды қаптайтын материалдар, субстанциялар, қосымша хаттар, олардың барлығы шетелде валютамен сатып алынады», – деп түсіндірді ол.

ҚазТАГ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн