Жарнама орнына
20 қараша күні Алматыдағы Республика сарайында белгілі әнші Өмірқұл Айниязовтың «Жұмыр жердің жұмағы» деп аталатын жеке шығармашылық кеші өтеді.
Кештің қонақтары – әншінің ұстазы Сәуле Жанпейісова және курстасы әрі жерлесі Асылбек Еңсепов. «Жаңа толқын» халықаралық конкурсынан жеңіспен оралған Димаш Құдайбергенов те ән салады деген жоспар бар. Әнші өз қарындасы Алтынай Айниязовамен, дос-жарандары Ғалымжан Жолдасбай, Серікбол Сайлаубек, Асхат Тарғынов секілді әншілермен қосылып, ән шырқайды. Ал «Өмір» шығармашылық орталығының жеткіншектері Өмірқұлдың бұрынғы әндерінен үзінді орындайды.
Басы-аяғы белгілі бір мазмұн негізінде режиссерлік қойылымға құрылған Өмірқұлдың ән-жыр концертіне келіңіздер! Бұл қойылым дәстүрлі қазақ әндерінің болашақ бағытынан белгі беретін бағдар болады.
Ұйымдастырушылар тобы
Бетті дайындаған – Жансая ЕРТАЙ