Воскресенье , 20 апреля 2025

Жанардың директоры УӘДЕ БЕРДІ…

 

 

Дүкенге келген тұтынушының тауарды өз еркіне сай таңдап алуға қандай құқығы болса, газетті жаздырып немесе сатып алатын оқырман қауымның да сондай құқығы бар. Газет үшін ақшасын төлеген оқырман тұтынушылық құқығы негізінде газеттен өз таңдауына орайлы ақпарат талап ете алады.

 

Міне, біздің газет оқырмандарының біразы сондай таңдау еркін пайдаланып, белгілі жұлдыздар Айнұр Тұрсынбаевадан, Айгерім Сейфолладан, Жанар Дұғаловадан, Камшат Жолдыбаевадан, тағы басқа ел аузында жүрген тұлғалардан сұхбат алуды сұрайтын еді.

Оқырман қауымның сондай сұранысында жүрген танымал әнші Жанар Дұғалова таяуда «Әнші балапан» байқауының 25 жылдық мерейтойына құттықтап келіп, сахнада ән салды. Сол кеште әншінің арт-директоры Мая-бикеш біздің газет үшін Жанар Дұғалованың сұхбат беруге даяр екенін мәлімдеді. Ал әр күні, әр сағаты, әр қадамы жоспарлы әншінің арт-директоры немесе продюсері ол – жұлдызды тұлғаның имиджін жасаушы маман, бұл тұрғыда ол өз ісінің қожайыны.

Ендеше біз «қожайын» берген уәдені Жанардың өз сөзі деп қабылдап, алдағы уақытта одан сұхбат алуға сенімдіміз. Осы жарияланымды сол уәденің кепілдігі деп қабылдайық…

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн