Суббота , 5 июля 2025

НАҒЫЗ ТӘУЕЛСІЗ ЭСТОНИЯ Ресейді жер шарынан алып тастады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (315) от 17 декаб­ря 2015 г.

 

Өне­ге өлкесі

 

Жақын­да Эсто­ния Рес­пуб­ли­ка­сын­да халы­қа­ра­лық мас­шта­б­тағы дау туды­рған, мек­теп жасын­дағы бала­ларға арналған жаңа жер шары­ның шағын макеті (гло­бус) саудаға шыға­рыл­ды. Бұл жер шары макетінің өзге­лер­ден ерекшелі­гі – онда Ресей Феде­ра­ци­я­сы бей­не­лен­бе­ген. Дәлірек айт­сақ, Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның аумағын­да Тынық мұхи­ты орын тепкен.

 

Бұл тура­лы укра­и­на­лық «Прес­са Укра­и­ны» сай­ты жаза­ды. (қараңыз: http://uapress.info/ru/news/show/104471?_utl_t=fb).

Ал өндіру­ші және тап­сы­рыс беру­ші тарап жіберіл­ген гео­са­я­си қателік­ті мой­ын­даған. «Эстон бала­ла­ры­на арналған ойын­шық гло­бу­ста Ресей Феде­ра­ци­я­сы жер беті­нен мүл­де сызы­лып тасталған. Ал оның алып жатқан үлкен тер­ри­то­ри­я­сы «Тынық мұхи­ты» деп көр­сетіліп, РФ тура­лы бір­де-бір бел­гі­ше қой­ыл­маған» деп жаза­ды басылым.

Аталған мәсе­ле эсто­ни­я­лық БАҚ-тың да наза­рын аударған. Эсто­ни­я­лық бір топ жур­на­лист гео­са­я­си про­во­ка­ци­я­лық бағыт­та жасалған гло­бу­стар тура­лы жур­на­ли­стік зерт­теу жүр­гіз­ген және ондай жер шары­ның шағын макет­тері Эсто­ния дүкен­дерін­де саты­лым­да бар екенін айтқан.

Жур­на­ли­стер­дің айтуын­ша, ол гло­бу­стар­да Ресей, Кремль, Мәс­кеу деген ата­у­лар мүл­де кез­дес­пей­ді. Бірақ Эсто­ни­я­ның шағын қала­ла­ры мен көше­лері анық көр­сетіл­ген. Эсто­ния, Тал­лин, тіп­ті Ратуш­ная деген орта­лы­қта орна­ласқан шағын алаң­да­ры­на дей­ін кар­та­да айшы­қта­лып бел­гі­лен­ген. Айта кетей­ік, бұл макет­тер­де (гло­бу­стар) жер-су ата­у­ла­ры эстон тілін­де жазылған.

Тағы бір қызы­қты жағ­дай: Ресей аумағы Тынық мұхи­ты деп бел­гі­лен­ген­дік­тен Қаза­қстан Тынық мұхи­ты­мен шек­те­сетін болып шыққан.

Деген­мен, сауда дүкен­дерін­де эсто­ни­я­лық гло­бу­стың орыс тілін­де­гі нұсқа­ла­ры да саты­лы­мға шыға­ры­лған. Бірақ орыс тілін­де­гі макет­тер­де жоға­ры­дағы­дай қателік­тер мүл­де жоқ. Ресей Феде­ра­ци­я­сы да, оның құрам­даста­ры да өз орны­мен белгіленген.

Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі эсто­ни­я­лық гло­бу­старға қаты­сты түсінік­те­ме бер­ді. Ресей сая­сат­кер­лері «бұл эстон­ды­қтар­дың әдейі аран­да­ту­шы­лық (про­ва­ка­ци­я­лық) мақ­сат­та жасап жатқан әре­кет­тері» деп есептейді.

Түй­ін: Кремль­дің қожай­ы­ны Укра­и­на­ның шығы­сын­дағы басқын­шы­лық әре­кет­тері үшін төңіре­гін­де­гі мем­ле­кет­тер­дің қаһа­ры­на ұшы­раға­ны тура­лы айту­дай-ақ  айты­лып жатыр. Мыса­лы, Эсто­ни­я­ның өз бүл­дір­шін­дерінің жады­на Ресей­сіз әлем­ді тоқы­туы, Гру­зия, Лит­ва, Лат­вия, Мол­до­ва, Укра­и­на секіл­ді бірқа­тар пост­кеңе­стік рес­пуб­ли­ка­лар­дың ресей­шіл­дік син­дро­мы­на қар­сы түр­лі әре­кет­тері Путин мен оның қара­мағын­дағы­лар­дың ашуын туғы­за­ты­ны рас.

Ресей­дің бұры­нғы дер­жа­ва­лық, импе­ри­я­лық әле­уетін аңсай­тын­дар әле­умет­тік желілер мен БАҚ-та «Кеңес Одағын қай­та тіріл­туді» жиі айта­ды. Сон­дай-ақ «қырғи-қабақ соғыс әлі біт­кен жоқ» деген ұран­да­ры тағы бар. Осын­дай пиғыл­дағы бүгін­гі Ресей­ді эстон­дар, латы­штар, лит­ва­лы­қтар, т.б. «оры­стар – сенім­сіз дос» деп біледі. Олар өз бүл­дір­шін­дерін мек­теп жасы­нан Ресей­ге тәу­ел­ді сана­дан құтқарғы­сы келеді. Эстон­дар­дың Ресей­ді жер шары­нан «алып тастаған» әре­кеті соның көрінісі бол­са керек. Ал кеңе­стік кері қоғам­нан шыққан кей мем­ле­кет­тер, керісін­ше, Вла­ди­мир Вла­ди­ми­ри­чтің сая­сы­на асық. Оны да көзі­міз көріп жүр…

Нұр­гел­ді Әбдіғаниұлы,

Abai.kz

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн