Суббота , 5 июля 2025

РЕСЕЙ ТҮРКИЯ студенттерін ҚУЫП ЖАТЫР

 

Түр­ки­ядан кел­ген бір­не­ше сту­дент МИФИ-дің Ұлт­тық ядро­лық зерт­теу уни­вер­си­теті­нен қуы­лған. Бұл тура­лы «Дождь» теле­ар­на­сы­на Ресей­де­гі Түрік сту­дент­тері қауым­да­сты­ғы­ның өкілі Окан Йыл­дыз хабарлады.

 

Оның сөзін­ше, поли­ция мен ФҚҚ МИФИ-дің Обнин­скі­де­гі Түр­ки­ядан кел­ген сту­дент­тері тұра­тын жатақ­ха­на­да есірт­кі іздеп тін­ту жасаған. Ол сон­дай-ақ ресей­лік арнайы қыз­мет өкіл­дерінің сту­дент­тер­ді тер­ро­ризмді қол­да­ды деп айып­таға­нын жеткізді.

Воро­неж бен Сара­то­вта оқи­тын түрік сту­дент­тері де қауым­да­сты­ққа оқу­дан шыға­ры­лған­да­рын хабар­лаған. Воро­неж Жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лар инсти­ту­ты­ның бас­шы­лы­ғы оқу­дан «ака­де­ми­я­лық және қар­жы­лық қары­зда­ры» үшін шығарған­да­рын мәлімдеген.

Жел­тоқ­сан­ның 1‑де Білім және ғылым мини­стр­лі­гі ака­де­ми­я­лық сту­дент алма­су бағ­дар­ла­ма­сы­мен Түр­ки­яда оқып жатқан сту­дент­тер­дің жақын уақыт­та Ресей­ге қай­та­ры­ла­ты­нын хабар­лаған еді.

Мәс­кеу мен Анка­ра­ның қарым-қаты­на­сы қара­ша­ның 24‑і күні түрік­тің жой­ғыш ұшақта­ры Сири­ядағы әске­ри опе­ра­ци­я­ларға қаты­сып жатқан ресей­лік Су-24 ұшағын атып түсір­ген соң шие­ленісіп кет­ті. Ресей билі­гі Түр­ки­ядан келетін бірқа­тар тау­арға тый­ым сал­ды, түрік аза­мат­та­ры үшін виза­сыз режим­нің күшін жой­ды және Түр­ки­яға чар­тер­лік рей­стер­ді алып тастады.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн