Суббота , 5 июля 2025

ЖАРТЫЛАЙ ТӘУЕЛСІЗДІК күні құтты болсын!

Қызық құт­ты­қтау

 

 

Орта­лық Азия елдерінің мыса­лын­да қаты­нас құра­лы тәу­ел­сіз бол­ма­са, ұлт та, мем­ле­кет те тәу­ел­сіз бол­май­тын­ды­ғын өмір көр­сетіп отыр. Қаза­қстан­да қазақ тілі мен орыс тілінің қол­да­ны­луы атты­лы мен жая­у­дың жары­сы тәрізді. Қазақ тіліне мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесінің берілуі тұл­пар­ды бөтен тіл­ден алып, өзінің заң­ды иесі – қазақ тіліне мін­гі­зуді біл­діретін. Іс жүзін­де қаза­қты­кі қазір «ат сенікі» деген­ге мәз болып, өзі әлі жаяу сал­пақтаған ада­мға ұқсай­ды. Сон­ды­қтан Қаза­қстан де-юре тәу­ел­сіз болға­ны­мен, де-факто тәу­ел­сіз деп айта алмай­мын. Жар­ты­лай Тәу­ел­сіздік күнімен!

Марат Тоқаш­ба­ев­тың «Фейс­бук» парақшасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн