Четверг , 15 мая 2025

Дәптер бетіне жазылған ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰДІРЕТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (315) от 17 декаб­ря 2015 г.

 

 

Оқу­шы­ның қиғаш жол дәп­тері бетіне салы­нған бұл сурет «Фейс­бук» желісі­нен алын­ды. Сурет­тің асты­на парақ­ша иесі Айдос Жұқанұ­лы: «Үшін­ші сынып­тағы кіш­кен­тай­ым Томи­ри­стің салға­ны. Мен үшін бұдан асқан мара­пат жоқ» деп жазы­лған екен.

 

Бұл Томи­ри­стің таны­мын­дағы тәу­ел­сіздік­тің түй­сі­гі. Күні – күн­бағыс, қыра­ны – торғай сияқты болып кет­се де, Томи­рис тәу­ел­сіздік­тің құдіретін ала-кеуім сана­сы­на сіңі­ре біл­ген дер­сің. Ең басты­сы – ол бүл­дір­шін жүре­гіне сый­ды­рған «тәу­ел­сіздік» деген сөзді және оның қадірін бүкіл өміріне өрнек етеріне сенім зор.

Ал осы сурет­тің астын­дағы ком­мен­та­рий­де Самат Насир есім­ді «Фейс­бук» қол­да­ну­шы: «Қаза­ғым­ның елі қаза­қ­ша сөй­лей­тін, жері өз қара­мағын­да, қазақ үшін қыз­мет ететін ел болcын. Кезін­де Одақты бәрі тастап қашқан­да, тота­ли­та­риз­мнен Тәңір­дің арқа­сын­да құты­лған қазақ енді өз күші­мен авто­ри­та­риз­мнен де құты­лар. Сөз бостан­ды­ғы, пікір алу­ан­ды­ғы, адам құқы, демо­кра­тия, сая­си көзқа­рас еркін­ді­гі дәріп­те­летін қысым-қыспақ­сыз қоға­мға қазақ та лай­ық… Сим­вол­дық тәу­ел­сіздік күнін емес, нағыз толы­ққан­ды тәу­ел­сіздік­ті той­ла­у­ға жаз­сын» деп жазыпты.

Қос қол­дап дауыс беретін пікір. «Толы­ққан­ды тәу­ел­сіздік­ті той­лау» – көп­тің көкей­ін­де көмілу­ге шақ қалған арман. Сол арман­ның қажет­тілі­гін жұтым ауа­дай сезін­ген қазақ қалғу­ды қояр күн қашан туар екен деп, тағы да армандайсың…

Айдо­стың «мен үшін бұдан асқан мара­пат жоқ» деуі Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың сей­сен­бі күні Аста­на­да уыс-уыс орден-медаль тара­ту той­ы­мен қатар кел­ді. Шүлен ілген­дерінің ара­сын­да кім алда жосы­лған, кім жол­дан қосы­лған – оны, сірә, мара­патқа мүд­делі қазақ қапер­ге алмаған сыңай­лы. Әйт­пе­се әкім­дер мен мини­стр­лер «құлағы­нан сүй­реп әкел­ген­дер» мара­пат­тың буы­на мас та – мас, басқа да – мас той үстін­де тең­селіп жүр­генін көрдік…

Бірақ дәт­ке қуа­ты – бір сөзі бол­ды: «Тәу­ел­сіздік ешқа­шан ештеңе­ге айыр­ба­стал­май­ды», – деді. Көбік­тей көпір­ген көп сөзінің бірі бол­ма­са, бұл жолғы­сы жөн­ді естіл­ді. Тек енді­гі жер­де осы сөзін Путин пат­шаға тіреп қой­ып айтар бол­са, мен жақтағы­лар­дың жар­ты­сы ары ауып кет­кеніне өкін­бес едім.

Ал әзір­ге «айтқа­ны­ң­нан қайт­па» деп, том­пиған Томи­ри­стің дәп­тер­ге салы­нған суретін газет бетіне баса оты­рып: «Тәу­ел­сізді­гі­міз ұза­ғы­нан бол­сын!» – дей­міз. Бүгін­гі қым­бат­шы­лы­ққа қамалған қазақ осы тілек­тің баян­ды­лы­ғы­на бола, дағ­да­ры­сты да дал­ба­са көре­рі хақ-ау, шіркін!

Ермұрат БАПИ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн