Суббота , 5 июля 2025

10 БАЛАЛЫ ОТБАСЫ бір бөлмелі суық пәтерде КҮНЕЛТІП ЖАТЫР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (315) от 17 декаб­ря 2015 г.

 

Тәу­ел­сіздік күн­гі суреттер

 

Тәу­ел­сіздік күні қар­саңын­да Аста­на­да шүлен тара­ты­лып, орден-медаль үле­стіріліп жатқан кез­де Шым­кент­те он бала­лы отба­сы бір бөл­мелі суық кепе­де күн көріп жатқан еді.

 

10 бала­лы Қар­лы­ғаш Дәрі­ба­е­ва­ның отба­сы Шым­кент­те­гі «Ынты­мақ» шағын ауда­нын­да бір бөл­мелі жер үйде тұрып жатыр. Кіре­берісте­гі аядай дәліз – ас үй әрі аяқ киім шешетін орын. Қабы­рға­сы­ның сылақта­ры түсе бастаған негіз­гі бөл­менің төрін­де дом­бы­ра ілулі тұр. Сыз еден­ге жұқа кілем­ше төсел­ген. Бір бұры­шта бала­лар­дың кітап-дәп­тер, киім-кешек­тері салы­нған, есік­тері сынған екі шкаф тұр. Босаға­да тұрған сан­ды­қта тозы­ғы жет­кен көр­пе-жастық жиналған.

Қар­лы­ғаш Дәрі­ба­е­ва мен жұбайы бұл үйде үлкені 15 жастағы, кішісі 5 айлық 10 бала­сы­мен (жете­уі – мек­теп оқу­шы­сы) бір­ге уақыт­ша тегін тұрып жатыр.

– 12 жан бір бөл­ме­де тұра­мыз. Қызда­рым есей­іп қал­ды. Бір бөл­ме­де ұйы­қта­уға қысы­ла­ды. Жатын бөл­ме­міз де, шәй ішетін, жуы­на­тын, бала­лар сабақ оқи­тын бөл­ме де – осы жер. Үйі­міз суық. Төсені­ші­міз де жұқа. Көр­пе-төсе­гі­міз бәрі­міз­ге бір­дей жете бер­мей­ді. Бала­ла­рым­ның киі­мі де толық емес, – дей­ді Қар­лы­ғаш Дәрібаева.

Ол үйдің суы­қты­ғы­нан бала­ла­ры ауруға шал­ды­ққа­нын айта­ды. Ана­ла­ры­ның сөзін­ше, бала­лар­дың бірі тұмау­ра­тып қалған, енді бірінің құлағы­на суық тиіп, асқы­нып кеткен.

Бірақ 10 бала­ның ана­сы Қар­лы­ғаш Дәрі­ба­е­ва бұл қиын­ды­қтар­дың бәрі уақыт­ша деп біледі. «Алтын алқа» иегері ретін­де айы­на 12 мың тең­ге, кен­же қызы бір жасқа толған­ша айы­на 17 мың тең­ге, күн­көрісі төмен отба­сы ретін­де айы­на 20 мың тең­ге көмек ала­тын, күзет­ші болып жұмыс істей­тін ері 40 мың тең­ге ақша таба­тын ана басты уай­ы­мы бас­па­на екенін айтады.

– Күй­е­уім жұмыс істеп тұр­са, бала-шаға­сын аш қал­дыр­май­ды. Амал­дай­мыз ғой әйте­уір. Ең маңы­здысы – біз­ге бас­па­на қажет болып тұр. Бала­ла­рым суық үйден шеті­нен ауру тауып жатыр. Басқа пәтер жал­дап тұрай­ын десек, 10 бала­ны есті­ген­де, бәрі ат-тонын ала қаша­ды, – дей­ді Қар­лы­ғаш Дәрібаева.

2012 жылы көп­ба­ла­лы ана ретін­де тұрғын үй кезе­гіне тір­кел­ген Қар­лы­ғаш Дәрі­ба­е­ва биыл науры­зда қала әкім­ді­гі­нен хат алға­нын, онда әкім­дік­тің «тұр­мыстық жағ­дай­ы­ңы­зды еске­ре оты­рып, пәтер мәсе­лесін 2015 жылы шешіп бере­міз» деп уәде еткенін айтады.

Қар­лы­ғаш Дәрі­ба­е­ва­ның көп­ба­ла­лы отба­сы ретін­де пәтер кезе­гіне 2012 жылы тұрға­нын Шым­кент қала­сы әкім­ді­гі тұрғын үй сек­то­ры­ның мең­ге­ру­шісі Гүл­нәр Құдай­бер­діқы­зы да растады.

– Бүгін­де әле­умет­тік әлсіз топ ретін­де тір­кел­ген Қар­лы­ғаш Дәрі­ба­е­ва­ның рет­тік нөмірі – 2721. Қала­да 1145 адам көп­ба­ла­лы отба­сы ретін­де пәтер кезе­гін­де тұр. Кезек­ке тір­кел­ген адам­дар пәтер­ді кезек реті­мен ала­ды… Бұл топ­та 7600 адам пәтер кезе­гін­де тұр. Қазір пәтер алуға кезе­гі кел­ген­дер – 1987–1990 жыл­да­ры пәтер кезе­гіне тұрған аза­мат­тар. Ал Қар­лы­ғаш Дәрі­ба­е­ва­ның кезек­ке тір­кел­ген кезі – 2012 жыл, – дей­ді әкім­дік өкілі.

 

Дила­ра ИСА,

Azattyq.org

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн