Суббота , 5 июля 2025

ЕЛІМІЗДІҢ несие рейтингі ТӨМЕНДЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №8 (325) от 25 фев­ра­ля 2016 г.

Апта апты­ғы

ЕЛІМІЗДІҢ
несие рейтингі
ТӨМЕНДЕДІ

Standard & Poor’s (S&P) рей­тинг агент­ті­гі Қаза­қстан, Оман, Бах­рейн және Сауд Ара­би­я­сы­ның несие рей­тинг­терін мұнай баға­сы­ның құл­ды­ра­уы­на бай­ла­ны­сты төмендетті.

Қаза­қстан­ның несие рей­тин­гі «қоқы­стық» мәр­те­бесі­мен шек­те­сетін екі саты­ға төмен­детіл­ген, ал Ресей­дің рей­тин­гі «қоқы­стық» дең­гей­дің жоғарғы саты­сын­да қалды.
Wall Street Journal елдер­дің дең­гей­ін қай­та қара­уға мұнай баға­сы­на қаты­сты болжам әсер еткенін хабар­лай­ды. Соңғы болжам­дар бой­ын­ша, Brent мар­ка­лы мұнай­дың бар­релі 2016 жылы 40 дол­лар және 2018 жылы 50 дол­лар бола­ды. S&P маман­да­ры қаңтар­дың басын­дағы Катар, Ресей, Сауд Ара­би­я­сы және Вене­су­эла­ның мұнай өнді­ру көле­мін шек­теу тура­лы шеші­мі мұнай бар­релінің құны­на «айтар­лы­қтай ықпал» ете алмай­ды деп санайды.
S&P «Қаза­қстан­да мұнай сала­сы­нан түсетін табыс ЖІӨ 20 пай­ы­зға жуы­ғын, салық табысы­ның 50 пай­ы­зын және экс­порт­тың 60 пай­ы­зын құрай­ты­нын» айта­ды. S&P сарап­шы­ла­ры «2016 жылы ЖІӨ өсуі тоқтай­ды неме­се біраз қысқа­ра­ды, бірақ алып офф­шор­лық Қашаған кен орны мерзі­мі­нен бұрын іске қосыл­са, мұнай өнді­ру мен оның экс­порт көле­мі өсуі мүм­кін», – деп санай­ды. Wall Street Journal басы­лы­мы­ның жазуын­ша, S&P соны­мен бір­ге эко­но­ми­ка­ны «жан­дан­ды­ру» үшін 14,5 мил­ли­ард дол­лар қар­жы құю көз­дел­се де, үкі­мет 2016 және 2017 жыл­да­ры салық тап­шы­лы­ғы­нан құтыл­май­ды деген пікірде.
Azattyq.org
Бұл екі арада

Қаза­қстан­дағы адам құқығы
НАШАРЛАП КЕТТІ

Amnesty International халы­қа­ра­лық ұйы­мы өткен жылы Қаза­қстан­да адам құқы­қта­ры­ның жағ­дайы күрт нашар­лап кет­ті деп мәлімдеді.

Құқық қорға­у­шы­лар Қаза­қстан­да 2015 жыл­дың қаңтар айын­да «араз­ды­қты қоз­ды­ру» бабы енген жаңа Қыл­мыстық кодекстің қабыл­данға­нын атап өтті, деп хабар­лай­ды Azattyq.org порталы.
Ұйым­ның баян­да­ма­сын­да аза­мат­тық бел­сен­ділер Серік­жан Мам­бе­та­лин мен Ермек Нарым­ба­ев­тар­дың қазан айын­да әле­умет­тік желі­ге дау­лы кітап­тың үзін­дісін жари­я­лаған­да­ры үшін, «араз­ды­қты қоз­дыр­ды» деп айып­талға­нын, кей­ін «өкініш біл­дір­ген­нен соң» боса­ты­лға­ны айты­лған. AI Қаза­қстан­дағы адам құқы­қта­ры­ның аху­а­лы төмен­де­генін үкі­мет­тік емес ұйым­дар тура­лы заң­дарға өзгерістер енгіз­гені­мен де бай­ла­ны­сты­ра­ды. Онда Аста­на Ресей­дің үлгісі­мен шетел қар­жы­лан­ды­ра­тын үкі­мет­тік емес ұйым­дарға сенім­сіздік таны­тып, қар­жы­лан­ды­ру үшін ортақ опе­ра­тор құрған.
Azattyq.org
Ақтө­бе­де Сири­яға кет­пек болған
ОН БІР ЛАҢКЕС ҰСТАЛДЫ

Ақтө­бе­де Сири­яға кет­пек болған 11 экс­тре­ми­стен тұра­тын топ ұстал­ды, деп хабар­ла­ды Ақтө­бе облы­сы про­ку­ра­ту­ра­сы­ның бас­пасөз қызметінен.

«2016 жыл­дың 19 ақпа­нын­да Ақтө­бе қала­сын­да 11 адам­нан тұра­тын діни экс­тре­ми­стер тобы ұстал­ды. Олар­дың бар­лы­ғы Сирия Араб Рес­пуб­ли­ка­сы аумағын­дағы ұрыс алаңы­на қару­лы қақты­ғы­сқа қаты­су мақ­са­ты­мен бару­ды жос­пар­лаған», – делін­ген сәр­сен­бі­де­гі хабарда.
Соны­мен қатар қадаға­лау ведом­ст­во­сын­да атал­мыш тұлға­лар­дың әре­кеті Қаза­қстан заң­на­ма­сы­на сәй­кес қыл­мыс деп есеп­те­летінін атап өтті. Қазір­гі таң­да күдік­тілер ұстал­ды. Сотқа дей­ін­гі тер­геу амал­да­ры басталды.
ҚазТАГ

«Қуыр­дақтың» көкесі

МАЛАЙЗИЯ ҰШАҒЫН
атып құлатқан
РЕСЕЙЛІК РАКЕТА

Халы­қа­ра­лық Bellingcat зерт­теу тобы 2014 жылы шіл­де­де Укра­и­на­ның Донецк облы­сын­да малай­зи­я­лық әуе ком­па­ни­я­сы­ның Boeing ұшағы­ның апатқа ұшы­ра­уы­на қаты­сы бар болуы мүм­кін әске­ри­лер тура­лы зерт­те­уін жариялады.

Bellingcat ұшақ Ресей қару­лы күш­терінің 53-зенит-зымы­ран бри­га­да­сы­на тиесілі «Бук-М1» зенит­тік кешені­нен аты­лған дей­ді. Зерт­теу тобы­ның мәлі­метіне қараған­да, бұл бри­га­да әске­ри­лері әле­умет­тік желілер­ге өздерінің 2014 жылы мау­сым-шіл­де айла­рын­да Ресей–Украина шека­ра­сын­да болға­нын көр­се­тетін сурет­тер жариялаған.
Зерт­те­уде әске­ри­лер­дің аты-жөні мен сурет­тері өзгер­тіл­ген. Әске­ри­лер­дің толық мәлі­меті Халы­қа­ра­лық тер­геу тобы­на берілген.
2015 жылы 13 қазан­да Нидер­ланд қауіп­сіздік кеңесі есебін жари­я­лап, Boeing-ті «Бук» зенит-зымы­ран кешені арқы­лы «жер-әуе» зымы­ра­ны атып түсір­ген деп мәлім­де­ген. Есеп­те зымы­ран оқтұм­сы­ғы­ның нөмірі көр­сетіл­гені­мен, ұшақты нақты кім атып түсір­гені айтылмаған.
Malaysia Airlines ком­па­ни­я­сы­ның Амстер­дам­нан Куа­ла-Лум­пур­ге ұша­тын MH17 рей­сі 17 шіл­де­де Укра­и­на­ның шығы­сын­да атып түсіріл­ген. Ұшақ бор­тын­да болған 298 дам түгел қаза тапқан.
Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн