Суббота , 5 июля 2025

КЕДЕНДЕ ЖҮРІП, КЕПЕСІЗ ҚАЛДЫМ

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №8 (325) от 25 фев­ра­ля 2016 г.

КЕДЕНДЕ ЖҮРІП, КЕПЕСІЗ ҚАЛДЫМ

Мен Кеден орга­нын­да 1994 жыл­дың сәуір айы­нан бастап қыз­мет атқа­рып келе­мін. Жақын ара­да зей­нет жасы­на тола­мын. Бас­па­на мәсе­лесі бой­ын­ша ҚР Қар­жы мини­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік кірістер коми­тетінің төраға­сы Дәу­лет Ерғо­жин­ге айтар өтіні­шім­ді «ДАТ» газеті арқы­лы біл­діру­ге мәж­бүр болып отырмын.

Алма­ты облы­сын­да 2000 жыл­дан бері пәтер кезе­гін­де тұра­мын. 2008–2015 жыл­дар ара­лы­ғын­да «Қорғас» кеденін­де қыз­мет атқар­дым. Бұрын басым­да төрт бөл­мелі пәтерім болған. Сол үйді әкім­дік 1998–2000 жыл­дар ара­лы­ғын­да бұзып таста­ды. Қазір­гі күн­ге дей­ін сол бұзы­лған үйде тір­ке­уде­мін. Бас­па­на мәсе­лесіне бай­ла­ны­сты бар­лық құжат­тарға тиісті аны­қта­ма­ла­рым да бар. Жаны­ма аяз­дай батқа­ны – Тал­ды­қорған қала­сын­да 10–15 пәтер беріл­гені­мен, одан маған ештеңе бұй­ыр­ма­ды. Облыс депар­та­мен­ті Өте­ген батыр кен­ті, Бат­тал­ха­нов, 11«а» ғима­ра­тын­да орна­ласқан. Осы өңір­де де үй беріл­гені­мен, одан да құра­лақан қал­дым. Бар­маған жерім, ашпаған есі­гім жоқ. «Үміт­сіз – шай­тан» деген, бір арма­ным орын­да­лып қала ма деген желе­умен әр күн­нен үміт­теніп келе­мін. Аядай бөл­ме бол­са да, өз үйі­ме қашан қол жет­кі­зер екен­мін деген арманға жетер күн бар ма екен?
Қазір­гі таң­да Алма­ты облы­сы бой­ын­ша Мем­ле­кет­тік кірістер депар­та­мен­тін­де қыз­мет етуі­ме бай­ла­ны­сты «Қорғас» кеден­дік бекетін­де қыз­мет­тік пәтер­де тұра­мын, зей­нет­кер­лік­ке шығуы­ма бай­ла­ны­сты қыз­метім­нен боса­тыл­сам, бас­па­на­сыз қалам ба? Қыз­мет­тік өтілім – 49 жыл. «Еңбе­гіне қарай өнбе­гі» деп бекер айтыл­ма­са керек, атқарған қыз­метім баға­ла­нып, «Үздік кеден қыз­мет­кері» төс­бел­гісін, тағы басқа да әртүр­лі мадақта­ма­лар алған­мын. Сөй­те тұра, пәтер­ге мұқтаж­дық жаны­ма бата­ды. Алма­ты қала­сы­нан бір бөл­мелі пәтер алуы­ма ҚР Қар­жы мини­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік кірістер коми­тетінің төраға­сы Д. Ерғо­жин мыр­за қол ұшын береді деген үміттемін.

Жамал­бек АЯШЕВ,
кеден­нің аға офицері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн