Воскресенье , 20 апреля 2025

ТУРАБИЛЕР ТУГЫРЫ ЖУРНАЛИСТЕРДИН ЖАКТАСЫ

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №8 (325) от 25 фев­ра­ля 2016 г.

Тура­би­лер тұғыры

Жур­на­ли­стер­дің жақтасы
ЕНДІ ӨЗІ КӨМЕК КҮТЕДІ

Әуе­сбай­дың
Қанаты:
Сей­ітқа­зы Мата­ев­тың құры­қталға­ны­на сене алмай оты­рға­ным. Ол кісіні әрдай­ым іскер бас­шы, жур­на­ли­стер мен билік ара­сын­дағы білік­ті дәне­кер, жур­на­ли­стер­дің қорға­у­шы­сы ретін­де танып келдім.
Мәсе­лен, ол құрған Ұлт­тық бас­пасөз клу­бы қашан­нан түр­лі көзқа­рас­тар­ды біл­дірудің мін­бері боп кел­гені рас. Оның бас­шы­лы­ғы­мен Қаз­ТАГ ақпа­рат агент­ті­гі өріс кеңей­тіп, Тәжік­стан, Ауған­стан, Қытай, Қырғыз­стан мен Иран­да өкіл­дік­терін ашты. Қаз­ТАГ – шетел­де өкіл­дік­терін ашқан тұңғыш қаза­қстан­дық агент­тік екенін әркім біле бермес.
Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғын тағай­ын­дап, «арқа­лаға­ны алтын, жегені жан­тақ» жур­на­ли­стер­ді мара­пат­тап оты­ру­ды жыл сай­ы­нғы дәстүр­ге айнал­дыр­ды. Үйсіз-күй­сіз жүретін жур­на­ли­стер­дің мұңын айтып, әріп­те­стер­дің ешқан­дай әле­умет­тік топқа жат­пай­ты­ны себеп­ті бас­па­наға қол жет­кі­зе алмаға­нын ашы­на айт­ты. Алма­ты­да мем­ле­кет­тік тұрғын үй комис­си­я­сы мүше­сі болып, талай жур­на­ли­стің бас­па­на­лы болуы­на ықпал етті.
Сей­ітқа­зы Бей­сенға­зы­ұлы­ның жур­на­ли­стер­ге жасаған жақ­сы­лы­қта­ры бұдан да көп екені бел­гілі. Мен тек ә деген­де еске түс­кенін айт­тым. Жур­на­ли­стер­дің қорға­у­шы­сы есебін­де­гі адам­ның құры­қталға­ны жанға бата­ды. Тер­геу ісі барын­ша әділ өткенін қалай­тын жалғыз мен емес шығар.

Ермек
Болтаев:
Общем былай… Сей­ітқа­зы Мата­ев­ты әкем­дей құр­мет­тей­мін. Кезін­де арқам­нан қағып, талай жер­де қол­дау көр­сетіп еді. Секеңнің бостан­ды­ғы үшін жасал­мақ кез кел­ген шараға қосы­луға дайынмын.

Жұл­дыз
Әбділдә:
Егер «Сей­ітқа­зы Мата­ев­тың зия­ны тиіп еді маған» дей­тін бір жур­на­лист табыл­са, оған күмән­мен қарар едім. Қолы­нан кел­ген көме­гін аямай­тын адам. Қан­ша­ма рет жур­на­ли­стер­дің басы­на іс түс­кен­де, газет-жур­нал­дар­дың басы­на қара бұл төн­ген­де, көмек қолын созған адам. Жал­пы, Қаза­қстан­да демо­кра­тия аз да бол­са дамы­са, онда Мата­ев­тың да үлесі бар. Және жәй ғана үлес емес, қомақты үлесі бар дер едім. Жеке басы­ма жасаған жақ­сы­лы­ғы тура­лы айт­паған­ның өзін­де… Бәл­кім, бір түсініс­пе­ушілік бар шығар. Бәл­кім, аран­да­ту шығар. Сей­ітқа­зы аға­мы­зға Құдай жар бол­сын. Іс оңы­мен біт­сін деп тілеймін.

Бақыт­гүл
Мәкімбай:
Бүгін Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның жетек­шісі Сей­ітқа­зы аға Мата­ев­ты қамауға әкет­кені жөнін­де­гі хабар қалам ұстаған жур­на­лист қауым­ды бей-жай қал­дыр­мауы керек деп ойлай­мыз. Елде­гі жур­на­ли­стер­дің алдын­дағы көш баста­у­шы аза­матқа қысым жаса­лып жат­са, демек, басқа­лар­дың құны көк тиы­нға да арзы­май­ды деген сөз.
Сей­ітқа­зы аға­ның Ұлт­тық бас­пасөз клу­бы пікір алу­ан­ды­ғы­на қара­ма­стан, әртүр­лі ұста­ным­дағы аза­мат­тарға қаты­сты кез кел­ген мәсе­ле бой­ын­ша мәс­ли­хат өткі­зу үшін пікір алаңын ұсын­ды. Соңғы бес-алты жыл­дың ішін­де Қазақ теле­граф агент­ті­гі заманға сай ақпа­рат­тық кеңістік­ті қам­тып, ел аумағы­нан тыс мем­ле­кет­тер­де өз өкіл­ді­гін ашты.
Жыл сай­ын Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның сый­лы­ғын алған­дар­дың қата­ры бір­не­ше жүз­ге жет­кені бел­гілі. Бірақ бүгін­гі бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да сол жур­на­ли­стер қыз­мет ететін теле­ар­на­лар мен газет жур­нал­дар­дың өкіл­дерін бай­қа­ма­дық. Басы­на іс түс­кен жур­на­ли­стер­ді қорғау үшін алды­на жан сал­май жүгіретін Сей­ітқа­зы аға­ның өзі бүгін көмек­ке зәру болған жағ­дайы бар. Бұл да өткін­ші іс деп сен­гі­міз келеді.
Бірақ жел­дің беті Ақор­да жақтан шыққа­ны жөнін­де­гі хабар­дың бір шын­ды­ғы бар сияқты. Бұл мем­ле­кет­те БАҚ өкіл­дерін қуда­лау, қысым жасау, сотқа сүй­реу – Есіл­дің сол жаға­ла­у­ын­да қабыл­да­на­тын шешім екені белгілі.
Ең сорақы­сы – сай­лау науқа­ны кезін­де жур­на­ли­стер­дің лидерін жала­лы ету пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың ими­джін түсіру­ге бағыт­талған іс екенін біле ме екен билік­те­гі пақыр­лар?! Халы­қа­ра­лық қауым­да­стық алдын­да Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның бас­шы­сы қамауға алы­нға­ны билік­ке абы­рой әпе­ре қоймас.
Біз Сей­ітқа­зы аға­ның абы­рой­ы­на нұқ­сан кел­мей­тініне сенімдіміз!
Пікір­лер «Фейс­бук» желісі­нен алынды

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн