Среда , 7 мая 2025

Араша!

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №9 (326) от 3 мар­та 2016 г.
Араша!
«Жемқор­лы­ққа қаты­сы бар» деген желе­умен қамауға алы­нып, кей­ін­нен үйқа­маққа шыға­ры­лған ҚР Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­тқа­зы Мата­ев дүй­сен­бі күні қан қысы­мы қатері­нен «жедел жәр­дем­нің» көме­гі­мен Алма­ты қала­лық кар­дио­ло­ги­я­лық ауру­ха­на­сы­на түсті. Дәрі­гер­лер­дің айтуы­на қараған­да, оның ден­са­улық жағ­дайы ауру­ха­на­да жатып емде­луді қажет етеді.
Бірақ, біздің газет­тің ақпа­рат көзінің хабар­ла­у­ы­на сәй­кес, Жемқор­лы­ққа қар­сы ұлт­тық бюро­ның жетек­шілері тара­пы­нан ауру­ха­на бас­шы­лы­ғы­нан Мата­ев­ты тезірек шыға­ру жөнін­де талап түсіп жатқанға ұқсай­ды. Ал газет тіл­шісі Сей­тқа­зы Мата­ев­пен тіл­дескен кез­де, ол тер­геу үдерісі­нен жал­тар­май­ты­нын, бірақ әзір­ге хал-аху­а­лы оңал­май тұрға­нын айт­ты. Оның үстіне айып­та­лушы жақ жал­даған ауди­тор­лық ком­па­ния Қаз­ТАГ-қа қаты­сты қар­жы­лық есеп құжат­та­рын дай­ын­дап бол­май­ын­ша, Мата­ев тер­ге­уді тоқта­та тұруға өтініш жасаған болатын.
Бұл екі ара­да ел ішін­де Мата­ев­ты қол­дау мақ­са­тын­да жур­на­ли­стер мен қоғам­дық бел­сен­ділер ара­сын­да қол жинау жүріп жатыр. Төмен­де біз газет редак­ци­я­сы­на түс­кен көп­те­ген қол­дау хат­тар­дың ара­сы­нан еке­уін жари­я­лап отырмыз.

Жур­на­ли­стер жетекшілері
КӨМЕК СҰРАЙДЫ
ҚР Пре­зи­ден­ті Н. Назар­ба­ев мыр­за­ға хат
Құр­мет­ті Нұр­сұл­тан Әбіш ұлы!
Біз, Қаза­қстан Жур­на­лис тер одағы аймақтық бөлім­ше лерінің жетек­шілері, рес­пуб лика­лық одақтың төраға­сы Сейт қазы Мата­евқа қаты­сты қалып­тасқан жағ­дай­ға ара­ла су ыңы­зды сұраймыз.
Тәу­ел­сіз Қазақ елі жур­на лис тика­сы­ның дамуы­на өл шеусіз үлесін қосқан Сей­тқа­зы Мата­ев Қаза­қстан жур­на­ли­сти­ка­сын халы­қа­ра­лық дең­гей­ге көте­ре біл­ді. Оның іскер­лі­гі мен ұйым­да­сты­ру­шы­лық қабілетін Ресей, Қырғыз­стан, Өзбек­стан, Тәжік­стан, Әзер­бай­жан, тіп­ті Еуро­па мем­ле­кет­тері жақ­сы бі ле ді. С.Матаев осы мем­ле­кет тер дің жур­на­ли­сти­ка ұйым­да ры мен үне­мі тығыз бай­ла­ны­ста болып кел­ді. Ол өзіңіздің бас тамаңы­з­бен 2012 жылы «Жур нали­стер­дің эти­ка­лық кодек сін» жаса­уға баста­ма­шы бол­ды. Сон­ды­қтан ол өз елінің на ғыз пат­ри­о­ты екен­ді­гін бар­ша халық жақ­сы біледі. Ол алғаш мем­ле­кет құрар­да өзіңіздің жа ныңы­здан табы­ла біл­ді. «Елім!» деп еңіре­ген рес­пуб­ли­ка жур на листерінің білім­ді де, біре­гей бас­шы­сы болып оты­рған С. Ма таев­тың басы­на түс­кен бү гін­гі ауырт­па­лық пен оған та ғылып оты­рған кінәнің ақи қа тына жетіп, әділет­тің сал­та­нат құруы­на көмек қолын соза­ды деген үміттеміз.
Аса мәр­те­белі Пре­зи­дент! Сіздің Қаза­қстан­да жүр­гізіп оты­рған ішкі және сыр­тқы сая саты­ңы­здың сын­дар­лы екен дігіне жур­на­ли­стер қашан да қол­дау біл­діретін­ді­гіне күмән жоқ. Сон­ды­қтан орын алған оқи ғаға бай­ла­ны­сты рес­пуб­ли­ка жур­на­ли­стер қауы­мы Өзіңіз дің пара­сат­ты­лы­ғы­ңы­зға, көре ген­ді­гіңіз­ге, кемең­гер­лі­гіңіз­ге арқа сүйейді.

ҚР Жур­на­ли­стер одағы облы­стық бөлім­ше­лерінің жетек­шілері: П. Дол­ма­тов (Маңғы­стау), М. Жана­ді­лов (Алма­ты облы­сы), Қ. Баты­ров (Аты­рау), Ю. Поми­нов (Пав­ло­дар), А. Қап­ба­ро­ва (ОҚО), М. Сады­ха­нов (Аста­на қала­ла­сы), А. Оңғар­ба­ев (Қызы­лор­да), Ж. Әділ­ба­ев (ШҚО), В. Рыж­ков (Қараған­ды), Е. Тоқ­шы­лық (СҚО),
С. Хар­чен­ко (Қоста­най), К. Сәт­ті­ба­ев (Жам­был),
И. Жүсі­пқа­ли­ев (БҚО).

БІЗБІРГЕМІЗ!
Соңғы кез­дері Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Cей­тқа­зы Мата­ев­тың айна­лы­сын­дағы оқиға­ларға бай­ла­ны­сты қалып­тасқан жағ­дай­лар біз­дер­дің алаң­да­у­шы­лы­ғы­мы­зды туды­рып отыр. Біз Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы заңы­ның алдын­да бар­лық аза­мат­та­ры­мы­здың тең құқы­қты екенін әр уақыт­та біле­міз және С.Матаевты әділ аза­мат ретін­де санай­мыз, әрі осы қиын сағат­тар­да да оны қол­дай­мыз! Біз­дер бар­лық уақыт­та әділет­тілік пен шын­дық, иман­ды­лық пен тура­лық жағын­да екен­ді­гі­мізді білдіреміз!
ОҚО «Алаш рухы» бір­ле­сті­гінің төраға­сы Нұр­жан Шын­ба­ев, ОҚО «Ақиқат‑1» бір­ле­сті­гінің төраға­сы Ілес­бек Бай­жа­нов, Рес­пуб­ли­ка­лық «Ұлт Тағ­ды­ры» ОҚО облы­стық фили­а­лы­ның төраға­сы Аманқұл Күмі­с­бек, ОҚО «Арал-Эко» қоғам­дық қоры­ның төраға­сы Құл­ма­хан Махан, Демо­кра­тия инсти­тут­та­рын дамы­ту орта­лы­ғы­ның дирек­то­ры Жарқын­бек Сей­тім­бет, ОҚО «Қадір­мен­ді қарт­тар» қоғам­дық ұйы­мы­ның төраға­сы, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүше­сі Шаруа Пір­мат, қоғам бел­сен­дісі Әлсе­рик Ибра­хим, Халық ара­лық «Ердәуіт» зекет қоры­ның төраға­сы Бера­лы Арты­қға­ли, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі, жур­на­лист, ақын Нұр­хан Сұл­тан­бай­ұ­лы, қоғам бел­сен­дісі, ақын Әле­ухан Шон­жан, «Fakt – Ақиқат» газетінің бас редак­то­ры Сабы­р­жан Бай­бо­сын, тәу­ел­сіз заң­гер­лер Лес Тіле­улес пен Қыдыр­бек Махамбетов.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн