Суббота , 5 июля 2025

Бұл қолдаушыларды ҚУДАЛАУ МА?

Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы ұлт­тық бюро тер­ге­ушілері пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа жазған үнде­улеріне бай­ла­ны­сты Қаза­қстан­ның Жур­на­ли­стер одағы­ның (ЖО) фили­ал­да­ры­ның бас­шы­ла­рын тер­ге­у­ге шақы­ру­ды баста­ды, деп хабар­ла­ды ЖО бас­шы­сы Сей­тқа­зы Мата­ев­ты қол­дау комитетінен.

«Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы ұлт­тық бюро тер­ге­ушілері пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның бас­шы­сы Сей­тқа­зы Мата­ев­тың ісінің тер­ге­лу бары­сын бақы­лау тура­лы өтіні­ш­теріне бай­ла­ны­сты Қаза­қстан­ның Жур­на­ли­стер одағы фили­ал­да­ры­ның бас­шы­ла­рын тер­ге­у­ге шақы­ру­ды баста­ды», – делін­ген сен­бі күн­гі коми­тет хабарында.
Атап айт­сақ, 5 науры­зда сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы ісқи­мыл ұлт­тық бюро­сы­ның тер­ге­ушілері ЖО Аста­на­дағы фили­а­лы­ның бас­шы­сы Мағ­жан Сады­ханға 8 наурыз – мей­рам күніне сағат 12.00ге шақыр­ту қаға­зын жол­даған. Бұл рет­те тер­ге­ушілер тер­ге­удің неге мере­ке күнін­де өтуі керекті­гін түсін­дір­ген жоқ, деп атап өтті комитетте.
Еске сал­сақ, 2 науры­зда ЖО фили­ал­да­ры­ның ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа Жур­на­ли­стер одағы басқар­ма­сы­ның төраға­сы С.Матаевты қорғау тура­лы өтіні­ш­тері­мен жүгін­ген бола­тын. Үндеу автор­ла­ры оның әлем­нің бар­лық елін­де бел­гілі екенін және өз елінің нағыз пат­ри­о­ты болып табы­ла­ты­нын атап өткен. Бұл рет­те С.Матаевтың өз ісінің шебері және қоғам­дық қай­рат­кер ретін­де­гі баға жет­пес еңбе­гі ата­лып өткен. Оған қоса, үндеу автор­ла­ры ЖО бас­шы­сы­ның жур­на­ли­стер­дің билік орган­да­ры­мен сын­дар­лы бай­ла­ныс орна­ту­дағы еңбе­гін де кел­тір­ген. Ол кез­де үнде­у­ге Маңғы­ста­удағы, Алма­ты­дағы, Аты­ра­удағы, Пав­ло­дар­дағы, Оңтүстік Қаза­қстан­дағы, Қызы­лор­да­дағы, Шығыс Қаза­қстан­дағы, Қарағанды­дағы, Сол­түстік Қаза­қстан­дағы, Қоста­най­дағы, Жам­был мен Батыс Қаза­қстан облы­ста­рын­дағы, сон­дай­ақ Аста­на­дағы Жур­на­ли­стер одағы фили­ал­да­ры­ның бас­шы­ла­ры қол қойған.
ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн