Суббота , 5 июля 2025

Сот «Жас Алашты» емес, ЖАСАНДЫ ЖАҚТАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №10 (327) от 10 мар­та 2016 г.
Сот «Жас Ала­шты» емес,
ЖАСАНДЫ ЖАҚТАДЫ

Алма­ты қала­лық соты­ның алқа­сы «Жас Алаш» газетінің сот үкі­міне қаты­сты апел­ля­ци­я­лық шағы­мын қарап, бұры­нғы шешім­ді күшін­де қалдырды.

Науры­здың 4‑і күні Алма­ты қала­лық соты «Жас Алаш» газетінің «Жас-Ай» меди­ци­на­лық орта­лы­ғы­ның жетек­шісі Жасан Зекей­ұлы­ның дауы­на бай­ла­ны­сты сот шеші­міне бер­ген апел­ля­ци­я­лық шағы­мын қара­ды. Про­це­сте газет­ті қол­да­уға кел­ген аза­мат­тар сот залы­на сый­май, жар­ты­сы мони­тор қой­ы­лған басқа бөл­ме­ге кір­гізіл­ді. Сот­та әуелі бір топ жур­на­ли­стер де екін­ші залға жіберіл­ген еді. Бірақ сот талқы­ла­у­ы­нан кей­ін олар­ды тіке­лей сот залы­на жіберілді.
Осы­ған дей­ін­гі сот шеші­мі бой­ын­ша жау­ап­кер­лер­дің бірі ретін­де таны­лып, 6 мил­ли­он 600 жүз мың тең­ге айып төлеу жөнін­де шешім алған Қабен Мұқанұлы­ның сотқа кел­ме­уі сот про­цесін­де жиі талқы­ланған жайт­тар­дың бірі бол­ды. Жасан Зекей­ұ­лы тура­лы мақа­ла жари­я­ланған «Жас Алаш» газетінің нөмірін оқу жөнін­де айна­ла­сын­дағы­ларға кеңес бер­ген, Жасан Зекей­ұлын сырт­тай ғай­бат­таған» деп таны­лған Қабен Мұқанұ­лы күз­де өткен баста­пқы сот про­цесіне де бір рет қана көрін­ген. «Жас Ала­штың» бас редак­то­ры Рыс­бек Сәр­сен­бай бұған дей­ін­гі сот­та Жасан Зекей­ұ­лы мен жау­ап­кер­лер­дің бірі Қабен Мұқанұлын да қаты­сты­ру тура­лы өтініш айтқан. Рыс­бек Сәр­сен­бай бұл еке­уін­сіз дау шешіл­мей­тінін мәлім­де­ген. Алай­да бұл сотқа Қабен Мұқанұ­лы кел­меді. Сот про­цесі кезін­де Рыс­бек Сәр­сен­бай Қабен Мұқанұлы­ның не себеп­тен сотқа кел­тіріл­ме­генін қай­та­лап сұраға­ны­мен, судья­лар Қабен Мұқанұлы­на шақыр­ту жіберіл­генін, не себеп­ті кел­ме­гені бел­гісіз екенін айт­ты. Бұл сөз Рыс­бек Сәр­сен­бай­ды таң қал­ды­рға­ны­мен, талап­кер Жасан Зекей­ұлы­ның адво­ка­ты «сотқа апел­ля­ци­я­лық шағым түсір­ме­ген Қабен Мұқанұлы­ның кел­ме­у­ге құқы­ғы бар» деп түсі­нетінін хабарлады.
Рыс­бек Сәр­сен­бай қомақты айып­пұл салын­са да сотқа кел­мей­тін Қабен Мұқанұлы­ның бұл әре­кетіне күдік­пен қарай­ты­нын бұры­нғы сот про­цесін­де де айтқан.
Таңер­тең сағат 10-да баста­лып, түсте бір жарым сағат­тық үзілі­стен соң кеш­кі сағат 7‑де аяқталған сот про­цесін­де дау­ла­су­шы екі тара­пқа да сөз беріліп, Жасан Зекей­ұлы­ның қызы куә­гер ретін­де сұрал­ды. Үшін­ші тарап, яғни қоғам бел­сен­ділері де шығып сөйледі.
Сот оты­ры­сы түстен кей­ін жалғасқан­да, Жасан Зекей­ұлы­ның бұры­нғы әйелі Гүлия Әли­ханқы­зы сөз сұрап, «сот про­цесін жүр­гізіп оты­рған төраға Ерлан Нұрә­ли­ев­ті тани­ты­нын, бұрын күй­е­уі Жасан Зекей­ұ­лы­мен бір­ге оның үйіне қонаққа барға­нын» айт­ты. Осы ара­лы­қта зал­да оты­рған­дар­дың бірі «таңер­тең сот баста­лар алдын­да төраға Ерлан Нұрә­ли­ев Жасан Зекей­ұлы­на қол беріп аман­дасқа­нын» көр­генін хабарлады.
Бұл сөз­дер­ден кей­ін Рыс­бек Сәр­сен­бай апел­ля­ци­я­лық сот алқа­сы­ның төраға­сы Ерлан Нұрә­ли­ев­ке сенім­сіздік біл­діріп, мұнан әрі сот про­цесін жүр­гізу­ге мораль­дық құқы­ғы жоқты­ғын, оның Жасан Зекей­ұ­лы­мен таны­сты­ғы болған­ды­қтан, әрі қарай про­це­сті жүр­гі­зу заңға қай­шы келетінін біл­дір­ді. Рыс­бек Сәр­сен­бай­дың ұсы­ны­сын жау­ап­кер­лер тара­пы­нан кел­ген адво­кат­тар да қол­да­ды. Олар­дың бірі «сот төраға­сы­ның Жасан Зекей­ұлын тани­ты­ны тура­лы дәлел­дері жет­кілік­ті екенін» қоса баяндады.
Алай­да Жасан Зекей­ұлы­ның сөзін­ше, «сот алқа­сы­ның төраға­сы­мен бұрын дастарқан­дас бол­маған, әйелінің сөзі – кезек­ті жала жабу».
Сот алқа­сы­ның төраға­сы өзінің Жасан Зекей­ұ­лы­мен қан­ша­лы­қты таны­сты­ғы тура­лы сот­та оты­рған­дар алдын­да мәлім­де­ме жасаған жоқ. Бірақ жау­ап­кер тарап­тың сенім­сізді­гі­нен кей­ін кеңесіп кел­ген судья­лар төраға Ерлан Нұрә­ли­ев­тің сот про­цесін жалға­сты­руға құқы бар деген қоры­тын­ды­ға кел­генін хабарлады.
«Ақпан­ның 25-інде апел­ля­ци­я­лық сот басталған кез­де сот төрай­ы­мы Марал Тасы­бе­ко­ва бола­тын. Бұл жолы төраға да, оның жанын­дағы судья­ның да өзгер­гені күдік туғы­за­ды», – деген Рыс­бек Сәр­сен­бай апел­ля­ци­я­лық сот­тың әділ шешім қабыл­дай­ты­ны­на күдік келтірді.
Кеш­кі сағат 7 кезін­де кеңе­су залы­на кет­кен апел­ля­ци­я­лық сот алқа­сы шама­мен 20 минут­тан соң қай­та ора­лып, «Алма­лы аудан­дық 2‑соттың 2015 жылы қара­ша­ның 13-інде шыға­ры­лған сот шеші­мі күшін­де қала­ты­нын, тарап­тар келіс­пе­ген жағ­дай­да Жоға­ры сотқа нара­зы­лық түсіру­ге құқы­қта­ры бар екенін» хабар­ла­ды. Сот шеші­мі оқы­лып біт­кен кез­де зал­да оты­рған­дар­дың кей­бірі нара­зы­лы­ғын біл­дір­се, кей­бірі сот­тың әділ өткеніне қуа­нып жатты.
«Жас Алаш» газетінің бас редак­то­ры Рыс­бек Сәр­сен­бай мен осы газет­тің тіл­шісі Меру­ерт Тұр­лы­бе­ко­ва­ның (ол аяғы ауыр­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты сотқа келе алмаған) өкілі Мар­жан Аспан­ди­я­ро­ва «Азаттық» тіл­шісіне «мұн­дай сот про­цесін түсін­дірудің өзі қиын екенін» айт­ты. Рыс­бек Сәр­сен­бай Жоғарғы сотқа дей­ін шағым түсіретінін хабарлады.
2015 жылы күз­де Жасан Зекей­ұ­лы «Жас Алаш» газеті мамыр айын­да өзі тура­лы жари­я­лаған «Ака­де­мик» отба­сы­мен сот­та­сып жүр» деген мақа­ла «абы­ройы мен ар-намысын қара­лаға­нын» айтып сотқа жүгін­ген. Ол әуелі газет­ті алты айға тоқта­ту­ды және өзіне 400 мил­ли­он тең­ге мораль­дық шығын төле­уді сұраған. Кей­ін ол «газет­ті алты айға тоқта­ту» жөнін­де­гі тала­бын қай­тып алған.
Был­тыр қара­ша­ның 13‑і күні Алма­ты­ның Алма­лы аудан­дық соты «Жас Алаш» басы­лы­мы мен жур­на­ли­стеріне қаты­сты үкім шығарған. Сот «Жас Алаш» газетінің бас редак­то­ры Рыс­бек Сәр­сен­бай­ға, тіл­шісі Меру­ерт Тұр­лы­бе­ко­ваға, газет оқыр­ма­ны Қаден Мұқанұлы­на, Жасан Зекей­ұлы­ның бұры­нғы әйелі Гүлия Әли­ханқы­зы­на және Гүлия Әли­ханқы­зы­ның әкесі, 76 жастағы Әли­ханға, бар­лы­ғы 40 мил­ли­он тең­ге айып­пұл салған. Бұған қоса «Жас Алаш» газетін­де Жасан Зекей­ұ­лы тура­лы жазы­лған мақа­ла­ны терістеу мін­дет­тел­ген. Кей­ін сот шеші­міне нара­зы жау­ап­кер­лер апел­ля­ци­я­лық шағым түсірген.
Асыл­хан МАМАШҰЛЫ,
Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн