Суббота , 5 июля 2025

Семейден – Астанаға НАРАЗЫЛЫҚ ҮШІН

Кеше Аста­на­да Семей қала­сы­ның тұрғы­ны Кен­жеғай­ша Рақым­ба­е­ва Жоғарғы сот ғима­ра­ты­ның алдын­да акция өткізіп, әуе­ге екі көгер­шін ұшыр­ды. Рақым­ба­е­ва осы­лай­ша қоғам наза­рын өз шағы­мы­ның қара­луы­на назар аударт­пақ болды.

– Көгер­шін ұшы­рған­да, Жоғарғы сот 2011 жылы 28 сәуір­де жауып тастаған менің ұлым­ның ісін шынайы түр­де қарай­ды деп үміт­тен­дім. Оған туған күнін­де қал­та­сы­на есірт­кі салып жібер­ген, – дей­ді Кен­жеғай­ша Рақымбаева.
Ол бес жыл бойы ұлы­на қаты­сты ашы­лған жайт­тар бой­ын­ша қай­та қыл­мыстық іс қозға­уға қол жет­кіз­генін айта­ды. Оның сөзін­ше, іс был­ты­рғы жылы Бас про­ку­ра­ту­ра алдын­да өткен акци­ядан соң қозғалған. Рақым­ба­е­ва ол кез­де өзін кісен­мен про­ку­ра­ту­ра қор­ша­уы­на таңып таста­мақ болған. Бірақ оны поли­ция ұстаған. Кей­ін про­ку­ра­ту­ра оның ұлы­ның ісін Жоғарғы сот­тың қара­уы­на жіберген.
Кен­жеғай­ша Рақым­ба­е­ва­ның ұлы Семей­де 11 жыл­дық түр­ме жаза­сын өтеп жатыр. Рақым­ба­е­ва­ның пікірін­ше, ұлын қол­дан жасалған іс бой­ын­ша соттаған.
Кен­жеғай­ша Рақым­ба­е­ва­ның ісі Жоғарғы сот­та 18 науры­зда қара­луы тиіс. Жоғарғы сотқа жазы­лған оның хатын­да осы күні ұлы Берік Рахым­ба­ев­ты этап­пен Өске­мен­ге әке­летіні айты­лған. Өске­мен­нен оны видео­кон­фе­рен­ция арқы­лы сотқа қатыстырмақ.
Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн