Суббота , 5 июля 2025

Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 ЖЫЛДЫҒЫНА 100 КҮН ҚАЛДЫ!

Қазақ жерін­де болған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне биыл 100 жыл тола­ды. Пат­ша өкі­метінің 25 мау­сым­дағы «Бұра­та­на халы­қты мем­ле­кет­тік қорға­ныс жұмыста­ры­на пай­да­ла­ну тәр­тібі тура­лы» Жар­лы­ғы­на сәй­кес Түр­кістан мен Дала өлкесі­нен Гер­ман май­да­ны­на окоп қазуға 400 мың, соның ішін­де Қаза­қстан­ның дала­лық облы­ста­ры­нан – 100 мың­нан астам, Жеті­су­дан – 87 мың адам жібе­ру көзделді.

Жеті­су мен Торғай дала­сын­да бұрқ еткен көтеріліс пат­ша режи­міне қар­сы­лық біл­діріп, оған бағы­ну­дан бас тарт­ты. Торғай­да Әбдіға­пар­ды хан көте­ру оқиға­сы азаттық сүй­ген қазақ халқы­ның дер­бес өмір сүру­ге ұмты­лы­сын көр­сет­ті. Ұлт-азаттық жолын­дағы күрес 1917 жылы Ақпан төң­керісіне, ол Қазақ төң­керілісіне жалға­сты. Ала­шор­да қай­рат­кер­лерінің тыным­сыз күресі кей­ін Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы­ның негізі болған Қазақ авто­но­ми­я­сы­ның құры­луы­на жет­кізді. Яғни, бүгін­гі Тәу­ел­сіз Қаза­қстан – сол Ұлт-азаттық күресінің жемісі.
Сол саха­ра­дағы Ұлт-азаттық көтерілісі басталған күн­ге дей­ін 100 күн ғана қал­ды. Бірақ Қаза­қстан үкі­меті­нен осы даңқты датаға бай­ла­ны­сты әлі күн­ге бір құжат жарық көр­меді. Үкі­мет қаулы­сын күт­кені­міз­ге бір жыл бол­ды. Өткен жылы нешетүр­лі 20 жыл­ды­қтар­ды ресми той­ла­дық. Сон­да Ұлт-азаттық күресінің 100 жыл­ды­ғы ҚХА-ның 20 жыл­ды­ғы құр­лы бол­маға­ны ма?! Өз тарихы­на немқұрай­ды қарау ҰЯТ емес пе?! «Ұлт-азаттық көтеріліс» деген сөз­ден шошы­май, даңқты дата­ны лай­ы­қты атап өтелік!
«Сен өткеніңе топы­рақ шаш­саң, келе­шек саған тас ата­ды» деген, осы­ны ұмыт­пай­ық ағайын!
Марат Тоқашбаевтың
«Фейс­бук» парақшасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн