Суббота , 5 июля 2025

Назарбаев диктатор ЕМЕС ЕКЕН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (331) от 07 апре­ля 2016 г.

 

Апта апты­ғы

 

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өзін Еуро­па­да «дик­та­тор» деп атай­тын сын­шы­ларға жау­ап бер­ді. АҚШ-та ісса­пар­мен жүр­ген елба­сы басқа да бірқа­тар мәлім­де­ме­лер жаса­ды, деп хабар­лай­ды КТК арна­сы­ның сайты.

 

Қазір күл­лі әлем­нің наза­ры Вашинг­тон­да. Ядро­лық қауіп­сіздік жөнін­де­гі сам­мит өтіп жатқан АҚШ аста­на­сы­на Ұлы­бри­та­ния, Жапон пре­мьер­лері, Қытай төраға­сы­нан соң алға­шқы лек­пен Қаза­қстан пре­зи­ден­ті кел­ді. Семей поли­го­нын жапқан Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ядро­лық қару­дың жер-жаһанға төнетін қау­пі тура­лы талай­дан бері айтып жүр. Сон­ды­қтан елба­сы төр­де, АҚШ пре­зи­ден­ті Барак Оба­ма­ның оң жағы­на жай­ға­сып­ты (Ой, пәле-ай, ә! – Ред).

Атом бом­ба­сы бар дер­жа­ва­ларға отпен ойна­мауға кеңес бер­ген ресми Аста­на өндір­ген шикі ура­нын Баты­стың электр стан­ци­я­ла­ры­на жет­кізу­ге дай­ын екенін мәлім­деді. Мұның алдын­да пре­зи­дент Аме­ри­ка­ның қоғам және сая­си қай­рат­кер­лері­мен кез­дескен бола­тын. Өткір сұрақтар­дың бірін­де Назар­ба­ев өзін «дик­та­тор» деп сына­у­шы­ларға ашық жау­ап берді.

«Мен бұл қыз­мет­те көп­тен бері отыр­мын. Мені үне­мі небір күнәларға баты­рып кінәлай­ды да жата­ды. «Авто­крат» не «дик­та­тор» деп айтып жата­ды. Мен бұған былай жау­ап берем: «5 жыл сай­ын ашық сай­ла­уда халық мені жақтап дауыс береді. Және ол ешқа­шан 80 пай­ы­здан кем болып көр­ген емес. Енді олай деу­ге қалай бола­ды?» – дей­ді Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назарбаев.

Stan.kz

 

Редак­ци­ядан: Иә, «олай деу­ге қалай бола­ды»? Бүгін­гі пре­зи­дент­тің өкілет­ті­гін ұзар­ту­ды неме­се шексіз мерзім­ге сай­ла­у­ға түсуді халы­қтың өзі жалы­нып-жал­пай­ып сұрап ала­ды. Ол үшін Кон­сти­ту­ци­я­ны да, тиісті заң­дар­ды да өзгер­ту халық қала­у­ы­мен 25 жыл бойы жүзе­ге асып келеді. Осы еуро­па­лы­қтар­да ес жоқ шығар – қалай «олай деу­ге болады»?

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн