ТАЛҒАТ Үсеновке неге КҮЛДІ?

 

 

Сот төрағасы Әділхан Шайхисламов сотталғандардың бірі Қажымұрат Үсенов жауап беріп жатқан кезде күліп отырған басты сотталушы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевке ескерту жасады. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлайды.

 

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясында ақша қаражатын жымқыру жөніндегі іс бойынша процеске төрағалық етуші судья Әділхан Шайхисламов сотталғандардың бірі Қажымұрат Үсенов жауап беріп жатқан кезде күліп отырған басты сотталушы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевке ескерту жасады.

«Сотталушы Ермегияев, тұрыңыз. Сізге күлкілі ме? Үсенов сұрақтарға жауап беріп тұр, ал сізге күлкілі. Сіз циркте жүрсіз бе?» – деді сот төрешісі Шайхисламов сотталушыға қарап.

«Жоқ, күлкілі емес», – деді Ермегияев.

«Неге күліп отырсыз? Отырыңыз. Мен сізге ескерту жасап жатырмын», – деп қосты төреші.

Сотта жауап берген Үсенов ақша жымқыруға өзінің қатысы жоқтығын айтты. «Мен пара берілетінін білдім, алайда мен бірдеңе айтуға дәрменсіз адаммын. Мен келісім-шарттар жаздым, жұмысты жаздым, сол үшін маған еңбекақы төленді. Кету керек еді компаниядан. Бұл жерде мен қателестім», – деді Үсенов.

Сондай-ақ сот алдында бөтеннің сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі мүлкін иелену және талан-таражға салуға күдіктелген Ермегияевтің екі орынбасары – Мұрат Омаров және Әлішер Пірметов, «Астана ЭКСПО-2017»-нің басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев жауап беруде.

20-дан астам адам істі болып жатыр. Қылмыстық іс 540 томнан тұрады.

Stan.kz

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн