Бұл екі арада
1 млн 102,9 мың қазақстандық екінші деңгейлі банктегі несиесі бойынша жалпы 1,2 трлн теңге сома көлеміндегі кредитін 90 күннен астам уақытқа кешіктірген, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Екінші деңгейлі банктерден несие алғандар саны – 5 154 200 адам, 7 347 945 шарт, 6 160 072 кепілсіз шарт, 1 102 905 адам (төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен), 1224 млрд теңге (мерзімі өтіп кеткен)», – делінген сейсенбіде ҚР парламенті мәжілісіндегі ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасының таныстырылымында таратылған хабарда.
Бұл ретте шағын қаржылық ұйымдардан несие алғандар саны 209 807 адам: 168 640 шарт, 5228 адам (төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткендер), Т1,3 млрд (мерзімі өтіп кеткен қарыздар).
Қарызды өндіріп алу туралы шарт бойынша коллекторлық агент жұмысына ЕДБ берген кредиттер көлемі 2016 жылдың 1 қаңтарында Т324,5 млрд (837 365 борышкерлер).
ҚазТАГ