Понедельник , 12 мая 2025

НАЗАРБАЕВТАР ӘУЛЕТІНДЕ «ЖИЕН-ГЕЙТ» БАСТАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (331) от 07 апре­ля 2016 г.

 

 

Кор­руп­ция мен ұйым­дасқан қыл­мысты зерт­теу орта­лы­ғы (Organised Crime and Corruption Reporting Project – OCCRP) медиа тобы мен Халы­қа­ра­лық жур­на­ли­стік зерт­те­улер кон­сор­ци­у­мы (ICIJ) және бір­не­ше әлем басы­лым­да­ры пана­ма­лық Mossack Fonseca заң ком­па­ни­я­сы­ның әшке­ре болып кет­кен құжат­та­рын жариялады.

 

Mossack Fonseca заң ком­па­ни­я­сы­ның құжат­та­ры­на қараған­да, Рахат Әли­ев­тің ұлы, Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жиені Нұрәлі Әли­ев бри­тан­дық Вир­гин арал­да­рын­да бір­не­ше фир­ма­ның акци­о­нері болған. Құжат­тар­да Аста­на әкі­мінің бұры­нғы орын­ба­са­ры Нұрәлі Әли­ев 2008 жылы Вир­гин арал­да­рын­да тір­кел­ген Baltimore Alliance Inc. фир­ма­сы­ның акци­о­нері болға­ны жазы­лған. Бұл ком­па­ния яхта­лар­ды сатып алу және сату­мен айна­лы­сқан. 2008 жылы фир­ма 77 фут­тық «Номад» деп ата­ла­тын яхта сатып алған. Яхта Mossack Fonseca фир­ма­сы арқы­лы тіркелген.

Кей­ін Әли­ев­ті Baltimore Alliance Inc. ком­па­ни­я­сын­да акци­о­нер ретін­де Лон­дон­дағы жыл­жы­май­тын мүлік­тер­ге бақы­лау жасай­тын Greatex Trade &Invest Group (GTIG) ком­па­ни­я­сы алма­сты­рған. Әли­ев 2008 жылы GTIG ком­па­ни­я­сы­ның әкім­шілік пре­зи­ден­ті болған.

Mossack Fonseca құжат­та­рын­да Нұрәлі Әли­ев бұған қоса 2014 жылы Вир­гин арал­да­рын­да құры­лған Alba International Holdings LTD ком­па­ни­я­сы­на да ие екені айты­ла­ды. Ол ком­па­ни­я­ны Кипр­де­гі банк есеп­шот­та­рын ұстау үшін пайдаланған.

Нұрәлі Әли­ев 2014 жыл­дың соңы­нан биы­лғы науры­здың орта­сы­на дей­ін Аста­на әкі­мінің орын­ба­са­ры болған. Ол әр жыл­да­ры «Нұр­банк» төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры, дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы қыз­метін атқарған. 2008–2013 жыл­да­ры «Қаза­қстан­ның даму бан­кі» басқар­ма төраға­сы­ның орын­ба­са­ры, «Тран­сте­ле­ком» ком­па­ни­я­сы басқар­ма төраға­сы болған.

Нұрәлі Әли­ев­тің шеше­сі Дариға Назар­ба­е­ва – Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың үлкен қызы, пре­мьер-мини­стр­дің орынбасары.

Нұрәлі Әли­ев­тің әкесі Рахат Әли­ев 2015 жылы ақпан­да Вена түр­месін­де өлі күй­ін­де табы­лған. Ол «Нұр­банк» топ-мене­джер­лері Жол­дас Темірә­ли­ев пен Айбар Хасе­но­вты ұрлап өлтіру­ге қаты­сы бар» деп айып­та­лып, 2007 жылы мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен қуы­лға­лы, Еуро­па елдерін­де тұрып жатқан еді.

Рус­лан МЕДЕЛБЕК,

Azattyq.org

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн