Воскресенье , 20 апреля 2025

ИРАН-ҒАЙЫП  «әлде» (тәмсіл)

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (331) от 07 апре­ля 2016 г.

 

Алдас­пан

 

Әзірей­іл

(Пері­ш­те):

«Бол­мас,

Қалыс –

Қалуға…

Уа,

Мұхам­мед!

Кел­дім,

Жаны­ң­ды –

Алуға!

 

«Жаз­мыш-Жазуың» –

Солай…

Жаны­ң­ды –

Ала­мын…

Сосын,

Барып…

Жет­кі­зе­мін –

Хаба­рын!

 

Не –

Деп,

Барам:

Хаққа –

Аллаһқа –

«Досы­ңа»…

…«Пай­ғам­барға,

Қылған –

Ісің:

Осы –

Ма…» –

 

Десе,

«Ол» –

Маған,

О,

Расул,

Не –

Дей­мін?!

Әлде…

Әл-Әзір…

Нетіп…

«Жолым­ды» –

Бөгей­мін…

 

Әлде,

Әлде…

Алмай,

Не-ғып…

Жаны­ң­ды,

Қоя –

Тұр­сам:

Нем –

Бүлініп,

Не –

Қыл­ды?!

 

Енді,

Ғана…

«Алпыс Үшке» –

Кел­ген­де…

Әлде?!

Әлде…

Әлде?!

Әлде!

Әлде… Әл-де…» –

 

Деді…

Жүдеп:

Сары –

Уай­ым,

Жаста­нып,

Жара­ту­шы –

Жаб­ба­ры­нан,

Жасқа­нып…

Деді…

Қимай,

Пай­ғам­бар­ды –

Өлім­ге:

«Айғақ» –

Іздеп…

«Амал» –

Табу,

Жөнін­де…

 

Сон­да,

Мұхам­мед:

«Аллаһ –

Досым…

Жасыр­ман!

Бір –

Аллаһтан,

Басқа –

Ешкім­ге,

Бас –

Ұрман!

 

Қоңыз –

Емен:

«Дүние-Боғын» –

Шар­лай­тын!

Доңыз –

Емен:

«Өз-Нәсілін» –

Зор­лай­тын…

 

Парқын –

Біл­мес,

Һарам менен

Һадал­дың,

Кебін –

Кимен:

Хай­у­а­ни –

Надан­ның!

 

Таққа –

Оты­рған,

Қам-Халы­қтың –

Соры­на:

Айна­ла­ды,

Ақы­ры –

Адам-Қоры­на…

 

…Алаңым –

Жоқ:

Алды­ма да,

Арты­ма!

Көне –

Алмай­мын,

Ажал,

«Әлде» –

Шар­ты­ңа!

 

«Әлде»?!

«Әлде»-ні,

Әзірей­іл,

Кім­нен –

Үйреңдің!

Неге,

«Иін­дің»…

«Көн-Тері­дей» –

Илен­дің!

 

«Әлде» –

Деген:

«Күмән»,

«Күдік» –

Керексе?!

«Мәкүрік» –

Түй­сік!

«Мәй­іт» –

Таным,

Өлек­се!

 

«Әлде» –

Кір­се,

Саңы­ла­у­ы­нан –

Сана­ның:

Сынын –

Бұзар…

Күл­лі –

«Сәл­де-Хана­ның»!

 

«Әлде»-ңді –

Қой!

Ал –

Жаным­ды…

Шошы­ма!

«Жама­на­тым» –

Жет­пе­сін де,

«Досы­ма»!

 

«Алты­ным­ды»,

Қор –

Қыл­мағай,

«Жезіңе»:

Ал –

Жаным­ды!

Сал –

Тез­детіп,

«Тезіңе»!

 

Пай­ғам­бар мен

Пері­ш­те –

«Ауыз-Жала­сып»:

Айдын Күні –

Ама­нын­да,

«Ада­сып»…

 

«Әлде» –

Жырың,

Әлем­ге,

«Әжуа» –

Бол­ма­сын!

Ал –

Жаным­ды:

Раб­бым,

Күтіп –

Қал­ма­сын!» –

 

Деді –

Кесіп…

«Има­нын»,

Үйіріп –

Ұйы­на…

Ал,

Әзірей­іл –

Мұхам­мед­ке:

Сүй­ініп –

Суы­на…

 

Жанын –

Алды,

Оның…

Алып,

Тұн­шы­ғып –

Жыла­ды…

…«Әлде»-сіз –

Өтті:

Тәңірінің,

Тосын –

Сынағы!

 

04.04.2016

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн