Воскресенье , 6 июля 2025

Бақыттың бәрі ЕМШЕКТЕ МЕ?

 

 

«Бетің қисық бол­са, айнаға өкпе­ле­ме» демек­ші, «жұл­ды­здар» өз-өздеріне көңілі тол­май жүреді: ары­қтай­ды, доңғал мұр­нын сүй­ір­лей­ді, әжі­мін тар­та­ды, қабағын түзей­ді… Соның бірі – жас әнші Луи­на енді төсін үлкей­туді ұйғарыпты.

 

Соңғы уақыт­та теле­жүр­гі­зу­шілік қыры­мен де көрініп жүр­ген әнші дүй­ім жұр­тқа омы­ра­уы­на ота жаса­та­ты­ны жөнін­де хабар­ла­ды. Ашық-шашық киі­нуді жаны сүй­етін ол енді төсін төбе­дей етпек.

Осы жаңа­лы­ғы­нан кей­ін-ақ инста-парақ­ша­сы­на жар­ты­лай жалаңаш суретін салған Луи­наға тір­ке­лу­шілері ақыл айтып әлек. Әншінің төсін сили­кон­мен «тол­ты­ру» иде­я­сын құп көр­ген­дер­ге қар­сы­лық біл­діру­шілер де табыл­ды. Олар «құдай бер­ген бар омы­ра­уы­ң­ды қанағат тұт» деген сыңай­да пікір айтады.

Бірақ оған құлақ асып оты­рған әнші жоқ. Спорт­зал­дан шық­пай­тын, ұдайы бимен айна­лы­са­тын, енді төсін екі-үш есе­ге дей­ін өсіруді арман­даған Луи­на­ның айтуын­ша, мұн­дай қада­мға баруға инста-парақ­ша­сын­дағы тір­ке­лу­шілері мәж­бүр еткен. Кіш­кен­тай кеудесіне қаты­сты пікір­та­ла­стар­дан мезі болған ол: «Өмір бақи жас болғым келеді, бір рет берілетін өмір­де жақ­сы өмір сүру керек», – дейді.

Расын­да, адам бала­сы­на бір-ақ рет берілетін өмір­ді рахат­пен, бақыт­ты сүру керек шығар. Бірақ емшек­ті есе­леу арқы­лы бақы­тқа кене­лудің қисы­ны қай­сы. Мәсе­лен, ол Stan.kz пор­та­лын­да жари­я­ланған пікірін­де: «Менің мұн­дай ота жасатқан құр­бы­ла­рым өте көп. Олар небәрі бір­не­ше күн­нің ішін­де ден­са­улы­қта­рын қай­та қал­пы­на кел­тіріп үлгер­ді. Бір айдан кей­ін спорт­пен айна­лы­са баста­ды. Ал қазір бақыт­тан баста­ры айна­лып жүр», – деп­ті Луина.

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн