Кеше Мерей Заманбекқызы ОН ТӨРТКЕ ТОЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.


Кеше заңғар Заманбектің қызы – Мерей 14 жасқа толды. Осыдан бірер жыл бұрын: «Мен әкемді сағындым…» деп, әкесінің асында егіліп жылаған асылдың тай-тұяқ тұқымы биыл да кезекті оқу жылын кілең «5»-ке бітірді. Ал көптеген қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы Мерейді кезекті туған күнімен құттықтады. «Бүгiн өте ақылды, мейipiмдi, ақкөңiл, бiлiмдi, анасының аяулысы, ең қымбаты Мерей Заманбекқызын туған күнімен құттықтаймын! – деп жазыпты Гүлмира Нәлібай есімді желі қолданушы. – Мақпал анасының әрқашан қолқанаты болып бойжетciн! Бақытты болсын! Алла тiл көзден сақтап, амандық берсiн!».

Айтпақшы, бірнеше күнгі жауыннан кейін, кеше Алматыда жаздың жадыраған күні жайнап сала берді. Ал бұл кезде Астанада қаранөсер құйып, саз-қаланың көшелері көл боп кеткен еді. Екі қала, екі адам, екі мінез…

Біз де зар-заманның зұлматы жұлып кеткен Заманбектің Мерейін туған күнімен құттықтаймыз! Елдің есесі үшін есіл кеткен ердің ертеңге егіп кеткен гүліне тілекші болайық, ағайын!

 

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн