Суббота , 5 июля 2025

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫЖЕР ЖЫЛАП ЖАТЫР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

Алдас­пан


– Бар бай­лы­ғым бұйырып

бөтен­ге, – деп,

Жер жылай­ды:

– Саты­лып кетем бе?! –

деп.

Ер жылай­ды:

– Қол жинап,

Бас көтер­сем,

Баяғы­дай атылып

кетем бе?! – деп.

Ақтал­ма­ды…

Ақы­ры ақталмады!

(Қай­ран қазақ жанбаған

тақтан бағы)

Баба­лар­дың баяғы

төк­кен тері,

Ата­лар­дың баяғы

аққан қаны.

Шек­пе­ніне қарамай,

қал­пағы­на,

Көн­бе­уші еді ешкімнің

тал­таңы­на.

Ханға сәлем бермейтін

Қай­ран қазақ

Қалай көніп қалып тұр

қал­та­лы­ға.

Орнаған­дай бір сұмдық

басқа келіп.

Кір­пі­гім­ді кіл­кі­ген жасқа

көміп…

Талай ғасыр қорғаған

Қара жер­ді –

Қалай сатып алмақшы

ақша беріп?!

Осы­лай­ша

Орна­са уай­ым басқа,

Ақын жігіт бел буды

тай­ын­басқа!

Салы­сты­рып қарашы,

Ақша мен жер…

Қалай ғана түседі

айыр­басқа?!

Қиын екен қайтару

Қырын істі,

Қан­дай ғажап сыры бар

мұның ішкі…

Өзі­мізді жаратқан

Қара жер­ден

Көк қағаз­дың болған ба,

Құны күшті?!

Рас бол­са, түбінде

Шын­дық бары,

Шырыл­да­май,

Шыдай тұр,

мұңлы­қта­рым!

Ата­ме­кен – туған жер

Сатыл­май­ды –

Тамған жері қазақтың

кін­дік қаны.

Кін­дік қаны қазақтың

Қаси­ет­ті

Топы­рақтан жаралған

асыл – текті.

Бұл жер үшін аналар

жасын төгіп,

Бұл жер үшін бабаның

басы кет­ті.

Қай­тем…

Қай­тем – кінәлап,

Әз Ғасыр­ды.

Игілік­ке иемін боз

басым­ды.

Қай­ран жерім,

Қамы­ғып жылап жатыр,

Кім сүр­те­ді,

Киелі –

Көз жасы­ң­ды.

Сан­сы­рат­са

Сая­сат дүмшелері,

Ай тұты­лып түбінде,

Күн сөнеді…

Бұған дей­ін сатылып

келген

Жер­ді –

«Сатыл­май­ды!» дегенге

кім сенеді!

Болған­нан соң,

Билік­тің тұсауында.

Жан-жүре­гім

Жабы­ғып – құса-мұңға.

Жер – Ананы

Жұба­тып,

Әлди­лер ем,

Әттең,

Әттең сый­май­ды

құшағы­ма.

Қай­ран Елім!

Ерлік­пен таныларсың,

Тұрар көк­те

Рухың жанып әр күн…

Мәң­гілік­ке

Тамы­рын терең тартып.

Қара жер­де –

Қаза­қтың тәні қалсын!

…Жер жылап жатыр!


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн