КӘМШАТкімнің бабына КӨНЕДІ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №36 (353) от 6 октября 2016 г.

 

 

Ойдан-қырдан

 

 

Отырса – опақ…

 


 

 

• «Сағындырған әндер-ай» кешінде сахнаға шыққан Кәмшат Жолдыбаеваның омырауы ашық көйлегіне сын айтушылар көбейді. Танымал әншінің жаңа көйлегін көрген жұрт оны «тым ашық киді» деп сөгіп тастады дейді Nur.kz порталы.

 

Бірақ Кәмшаттың сахналық көйлегі (суретте) соншалықты ашық-шашық па еді? Бұған дау айтушылар да аз емес. Өнер адамы болған соң, сахналық түр-тұлғасына өзгеріс енгізу – шоу-бизнес өкіліне бір атрибут болса керек. Оның үстіне омырау тұсының ойығы кіндігіне тақау түскен демесең, көйлегінің жырығы шектен шыққан деуге келмейді.

Тәнті жұрты «шаршамайтын», «еңбекқор», «ізденімпаз» атаған әншінің «сымбатты» атануға да хақысы бар шығар. Бірақ, бәлкім, парақшадағы «қазақтың қызысың, омырауыңды жап» деген жазба жанашырлықтың белгісі ме екен?

Қалай десек те, «қазақтың тыныш отырғаны – бір кебісті екіншісіне тығып отырады» демекші, сөз бен пәле қуған ағайынға дауа бар ма? Оның үстіне шоу-бизнестегі желі оңынан тұрған әншінің табысы әлдекімнің қыж-қыж қызғанышын оятатын шығар. Өнердегі жолын «Кешью» тобынан бастаған Кәмшат бүгінде танымалдылыққа ие әншілердің қатарына қосылған. Жеке шығармашылығымен ғана айналысып қана қоймай, сонымен қатар актрисалық қырын да көрсетіп жүр.

Жақында ғана ол «Өгей жүрек» телехикаясында «көп сүйіскені» үшін де сынның астында қалған болатын. Бұл жерде оқырмандары екі түрлі пікірде сөз жарыстырды. Біреулер «керемет актриса» деген баға берсе, екінші топ «кім көрінгенмен сүйісе береді» деп сөкті. Фильмнің сценариі «сүйістіріп» қойса, рөлді ойнаушы актриса одан жалтаруы мүмкін бе?

Бірақ Кәмшатты «отырса – опақ, тұрса – сопақ» көретін еріккен сыншылардың сөзі талантты қыздың сағын сындырмайды деп білген жөн. Оның үстіне Кәмшаттың актрисалық өнерін бағалаған түсіруші топ оны кезекті бір телехикаяға басты рөлге бекіткен екен.

 

 

 

 

АРДАНА «Азия аруы» АТАНДЫ

 


 

• Қазақстандық ару Ардана Каденова Miss Universe Tourism халықаралық сұлулық байқауында «Азия аруы» титулын жеңіп алды. Ливан елінің астанасы Бейрутте өткен байқауда әлемнің түкпір-түкпірінен келген 40 сұлу бақ сынасқан.

 

Ескерте кетейік, Ардана арулар әлеміндегі алғашқы жетістігіне 2014 жылы қол жеткізген болатын. «Шымкент аруы» байқауына қатысқан ол «Көрермен көзайымы» атағын жеңіп алған, деп хабарлайды «Экспресс-К».

Ал 2016 жылдың жазында Бакуде ТМД халықтары арасында өткен сұлулық байқауында отандасымыз «Мақсатына жететін аруы» атанған еді. Айта кетейік, әзірбайжандық дизайнер Гүлнар Халилова Ардананың ұлттық киімін жоғары бағалаған болатын.

Енді Каденова қазан айының басында Шри-Ланкада өтетін Miss Intercontinental байқауына дайындалып жатыр.

 

 

 

ӘЛІШЕР ӘНШІ ӘЛІ ІШЕДІ ЕКЕН…

 


 

• Әнші Әлішер Кәрімов «Время» басылымына берген сұхбатында жұмыстан тыс уақытта өзіне де, айналасындағыларға да аса талапшыл екенін айтыпты. Оның талапшылдығы соншалық, қалаған нәрсесі уақытында орындалмаған жағдайда әнші былапыт сөздер айтуға дейін барады екен.

 

«Мысалы, мен директорыма маңызды бір істі тапсыруым, ал ол оны уақытында орындамауы мүмкін. Бір айтамын, екі айтамын, ал үшіншісінде орысшалап «фольклордан» жіберемін. Одан бөлек, арақ ішетінімді мойындаймын. Жұрттың бәрі соған таң қалады. Бірақ мен одан ұялмаймын. Былтыр эстрададағы көптеген әртістермен бірге ән-сапарға шығып, ел-елді пойызбен араладық. Сол кезде сахналастарыма бірге ішімдік ішуді ұсындым. Көпшілігі таң қалды. «Әлішер, сен ішетін бе едің?» – деген сұрақтың астында қалдым. Пойыздағы жағдайды өздеріңіз де білесіздер, тазалық жағы көңіл көншітпейді. Профилактика үшін ішуге тура келді. Қыстың қақаған күндерінде концерт алдында коньяк ішетінім де бар. Жаурап тұрған кезде оның да пайдасы зор. Иә, мен осындаймын! Елдің мені мінсіз деп санайтынынан шаршадым», – дейді әлі күнге ішетін Әлішер.

Айлық табысы туралы сауалға жауап беру барысында Кәрімов әртістердің кірісін ғана емес, шығынын да есепке алу керек екенін айтыпты. Айтуынша, бейнебаян түсіріп, оны өңдеуге, ән жаздыруға, оның аранжировкасына қыруар қаржы керек.

«Мүмкін, үнемі үйлесімді, лайықты түрде киініп жүргендіктен, ел мені бай, бақуатты деп ойлайтын шығар. Тіпті де олай емес. Мүлдем ақшасыз қалатын сәттерім де болады. Мысалы, жуырда ғана бір досымнан қарызға ақша алдым. Себебі қалтамда көк тиыным қалмады», – дейді Әлішер.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн