Суббота , 5 июля 2025

ШУДАН ШУ ШЫҚТЫ: газ тарту құны неге қымбат?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 

Редак­ци­яға хат

 


 

 

 

Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­ның көме­гі­мен елді мекен­дер­ді газ­дан­ды­ру жұмыста­ры қолға алы­ну­да. Жақын­да ғана Ақтө­бе облы­сын­да бір­не­ше мил­ли­ард­таған тең­ге бөлініп, аудан орта­лы­қта­ры тұрғын­да­рын көгіл­дір оты­н­мен қам­та­ма­сыз ету мақ­са­ты­мен көше-көше­лер­ге дей­ін газ құбыр­ла­ры жүй­елі түр­де жүр­гізіліп жатқа­нын теле­ар­на­лар­дан көрсетуде.

 

Өкініш­ке қарай, Жам­был облы­сы­ның Шу ауда­нын­да газ­дан­ды­ру жұмыста­ры онсыз да дағ­да­ры­стан күй­зеліп оты­рған халы­қтың қал­та­сы­на ауырт­па­лық түсіріп, ала-құла жүр­гізілу­де. Мәсе­лен, «ҚазТранс­Газ Аймақ» мер­ді­гер­лері тара­пы­нан Шу қала­сы мен Көкқай­нар, Бел­ба­сар, Еңбек­ші, Жаңа-Жол, Қона­ев, Бір­лік, Көк­тө­бе ауыл­да­ры­ның әр үйін газ-оты­нға қосу 310–350 мың тең­ге ара­лы­ғын­да жүр­гізіл­се, «Пари­ев» ЖШС мер­ді­гері 20 мың­нан аса тұрғы­ны бар аудан орта­лы­ғы Төле би ауы­лы­ның әр үйі­нен пеш­сіз, өлше­уіш құрал­да­ры, т.б. қосым­ша шығын­дар­сыз 570,0 мың тең­ге талап ету­де. Ол – ол ма, 10 шақы­рым­дай қашы­қты­қтағы Абай ауы­лы тұрғын­да­ры­мен кез­де­су жиы­нын­да өз жұмыста­ры­на бір мил­ли­он тең­ге­ден сұраған. Көп­шілік нара­зы­лы­қ­пен «Пари­ев» ЖШС қыз­меті­нен бас тарт­ты. Ашы­ғын айт­сақ, бұн­дай сорақы­лық тәу­ел­сізді­гі­міздің 25 жыл­ды­ғын той­лай­ын деп оты­рған елі­міздің қай елді мекенін­де кез­де­седі екен?!

Осын­дай аспан­даған баға­ның кесірі­нен Төле би, Абай ауы­лы­мен қоса, төмен­де­гі Жиен­бет, Еңбек, Мой­ы­нқұм, Ақтө­бе, Бәй­ді­бек, Балу­ан Шолақ, Бөл­тірік, Ақта­сты сияқты он шақты елді мекен­дер­ді есеп­те­ген­де, 30 мың­нан аса халық түбе­гей­лі газ оты­нын­сыз қалай­ын деп отыр. Бұған бір­ден-бір кінәлі жер­гілік­ті лау­а­зым­гер – Төле би ауы­лы окру­гінің әкі­мі Ербол Даб­е­ров мыр­за екен­ді­гі дау­сыз. Өйт­кені 2015 жыл­дың 20 науры­зын­да «Сете­вые тех­но­ло­гии «Ломар» ЖШС‑і мен заң­ды түр­де 4200 үйдің әр отба­сын газ құбы­ры­на қосуға 300,0 мың тең­ге­ге хат­та­ма жаса­лы­нып, бір жарым ай өтпей «Пари­ев» ЖШС-нің атқа­ру­шы дирек­то­ры Н. Дүй­сен­бе­ков және өзінің орын­ба­са­ры Т.Ахметовпен үше­уі астыр­тын 380,0 мың тең­ге­ге хат­та­ма тол­ты­ра­ды (жоға­ры­дан тіке­лей тап­сыр­ма болған­ды­ғы анық). Ол аздай, аяқ асты­нан газ тар­ту құны 420,0 мың тең­ге­ге көтеріліп, жаңа жыл­дан 570,0 мың тең­ге­ге бірақ шары­қтай­ды. Биы­лғы жылғы ақпан­нан бастап мәжіліс депу­та­ты Қ.Жабағиев және 3 мау­сым­нан облыс әкі­мі Кәрім Көкірек­ба­ев­тан заң­ды­лы­қты қадаға­лай­ды деген бола­тын. Осы жөнін­де біз ауда­на­ра­лық про­ку­рорға дей­ін шағым­данға­ны­мы­з­бен, әлі күн­ге дей­ін еш қай­ран бол­май тұр…

Мұн­дай жөн­сіздік­тер жай­лы 2016 жылы 14 қыр­күй­ек­те «Қаза­қстан» ұлт­тық теле­ар­на­сы­ның редак­то­ры Сәбит Әлде­бай мыр­за біздің ашы­на айтқан жағ­дай­ы­мы­зды бей­не­тас­паға жазып алған еді. Бірақ біздің нара­зы пікір­лері­міз 20 қыр­күй­ек­те­гі КAZNEWS жаңа­лы­қта­рын­да қысқар­ты­лып, онда аудан әкі­мінің орын­ба­са­ры Н. Жақ­сы­ба­ев­тың аудан­дағы елді мекен­дер­ді газ­дан­ды­ру жақ­сы жүр­гізіліп жатыр деген пікірі ғана берілді.

Алқым­нан алып оты­рған жаһан­дық дағ­да­ры­сты еле­мей, ел сен­ген әкім-қара­лар онсыз да күй­зеліп оты­рған халы­қтың жағ­дай­ын жақ­сар­ту жай­ын неге ойла­май­ды? Қара­ша­ның күй­ін күй­іт­тей­ді деген Ұлт­тық теле­ар­на өкіл­дері ат төбелін­дей шон­жар­лар­дың ғана қол­шоқ­па­ры бол­са, қара­пай­ым көп­шілік кім­нен қол­дау күте­ді? Тіп­тен ашы­нған жұрт­шы­лы­қтың ере­уіл­ді нара­зы­лы­қта­ры осын­дай оспа­дар­лы­қтар­дан туын­да­май­ды ма?!

 

260 адам қол қой­ған Төле би ауылы

тұрғын­да­ры­ның аты­нан Мәкен Уақтегі –

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі,

Жам­был облысы

Шу ауда­ны

Төле би ауылы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн