Суббота , 5 июля 2025

Қазақстанда азық-түлік бағасы ҚЫРКҮЙЕКТЕ 14,7% ӨСТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 

Бұл екі арада

 


 

 

2016 жылғы қыр­күй­ек­те азық-түлік тау­ар­ла­ры­ның баға­сы 2015 жылғы қыр­күй­ек­пен салы­сты­рған­да 14,7%-ға өсті, деп көр­сетіл­ген ҚР Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің ста­ти­сти­ка коми­тетінің хаба­рын­да. Кел­тіріл­ген көр­сет­кі­ш­тер – билік таратқан ресми дерек екенін еске­ру қажет. Ал нары­қтағы баға­ның нақты жағ­дай­ын халы­қтың қал­та­сы­мен, база­рдың баға­сы­мен, ел-жұрт­тың әле­умет­тік жағ­дай­ы­мен салы­сты­ру керек шығар.

 

Аталған мерзім ара­лы­ғын­да баға жар­ма­ларға 45,7 пай­ыз, қан­тқа – 35,8%, кофе, шай және кака­оға – 34,3%, май және тоң май­ға – 31%, нанға – 28,1%, кон­ди­тер­лік өнім­дер­ге – 23,2%, балық және теңіз өнім­деріне – 20,6%, тоқаш және ұн өнім­деріне – 18,1%, мака­рон өнім­деріне – 18%, ұнға – 13,6%, жемістер мен көкөністер­ге – 12,8%, алко­голь­ді ішім­дік­тер­ге – 11,6%, сүт өнім­деріне – 8,8%-ға жоғарылады.

Көр­сетіл­ген кезең­де ет және ет өнім­дері баға­сы­ның ресми көр­сет­кі­ш­те­гі өсі­мі 7,3 пай­ы­зға жет­кен. Құс етіне баға дең­гейі 16,1%, шұжық өнім­деріне – 8,8%, сиыр етіне – 6,2%, шошқа етіне – 3,6%, қой етіне – 3%, жылқы етіне – 2,4%-ға жоға­ры бол­ды, деп хабар­лай­ды ста­ти­сти­ка коми­теті. Ал был­тыр келісі 1200 тең­ге көле­мін­де болған жылқы еті биыл 1800–2000 тең­ге­ге дей­ін өскенін еске­ретін бол­сақ, база­рдағы нақты жағ­дай­дағы баға­ның өсі­мі 30 пай­ы­здан кем түс­пе­геніне көз жет­кізу­ге болады.

Бұл екі ара­да Қаза­қстан­да өнер­кәсіп өнім­дерін өндіру­ші кәсі­по­рын­дар баға­сы да едәуір қым­бат­та­ды. 2016 жыл­дың қыр­күй­е­гін­де өнер­кәсіп өнім­дері, өнер­кәсіп­тік сипаттағы көр­сетілетін қыз­мет­тер­ді қоса алды­ңғы аймен салы­сты­рған­да 1,1%-ға қым­бат­та­ды, 2015 жыл­дың жел­тоқ­сан айы­мен салы­сты­рған­да –14,4%, деп көр­сетіл­ген ста­ти­сти­ка коми­тетінің хабарында.

Ста­тақ­пар­ларға сәй­кес, ағым­дағы жылғы қаңтар-қыр­күй­ек­те баға өңдеу өнер­кәсібін­де – 15,2%, кен өнді­ру өнер­кәсібін­де 14,9%-ға жоға­ры­ла­ды. Өндіріл­ген өнім­ге баға – 15,8%, өндірістік сипаттағы қыз­мет­тер­ге 2,8%-ға жоғарылады.

Жыл басы­нан бер­гі кезең­де өндіру­шілер баға­сы дизель оты­ны­на – 21,6%, металл кен­деріне – 20,2%, табиғи газға – 18,3%, мұнай­ға – 15,6%, бен­зин­ге – 15,4%, мазутқа – 9,5%-ға жоға­ры­ла­ды, көмір­ге – 1,7%-ға төмендеді.

Баға­ның мыры­шқа – 51,8%, фер­роқо­рыт­па­ларға – 47,3%, асыл метал­дарға – 39,6%, қара метал­дар иле­гіне – 38,8%, қорға­сы­нға – 27,8%, алю­ми­ний­ге – 13,5%, мысқа – 9,9%-ға жоға­ры­ла­уы тіркелді.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн