Суббота , 5 июля 2025

Дамыған 30 елдің қатарына ҚОСЫЛАТЫН ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛДЫ ЖЕРДІҢ ЖАРТЫСЫ ауызсуды тасып ішіп отыр

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (355) от 20 октяб­ря 2016 г.


Қаза­қстан­ның ауыл­ды елді мекен­дерінің жар­ты­сы­на жуы­ғы­ның орта­лы­қтан­ды­ры­лған сумен қам­та­ма­сыз ету жүй­е­лері жоқ, деп мәлім етті сей­сен­бі күні ҚР ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Қуан­дық Бишімбаев.

Үкі­мет мүше­сінің бұл мой­ын­да­уы дамы­ған дүние жүзі елдері қата­ры­на қосы­луға «атта­нып бара жатқан» Қаза­қстан­ның дал­ба­са дал­баң­да­уын дәлел­дей­тін дерек бол­са керек. Мини­стр­дің айтуы­на қараған­да, үкі­мет ауыл­дық жер­лер­ді сумен қам­ту­дың жос­па­рын ғана жасап отыр екен. Яғни, бұған дей­ін бір­не­ше рет жаңғыр­тып қабыл­данған «Ақ бұлақ» бағ­дар­ла­ма­сы­на бөлін­ген қыру­ар қар­жы құмға сің­ген судай жоқ болған.

Ол – ол ма, соны­мен бір­ге Қаза­қстан қала­ла­ры да ауыз­суға қарық боп отыр­маған көрі­неді. Қала­лар­ды ауыз­су­мен қам­ту мәсе­лесін шешу үшін, мини­стр­дің айтуы бой­ын­ша, әлі 2 трил­ли­он тең­ге (!) қажет екен. Бірақ бұл «бюд­жет үшін ауыр сома» дей­ді министр.

Егер жуы­қта пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың «жақ­сы өмір 2020 жылы келеді» деген алдарқа­туын және «бюд­жет үшін ауыр сома­ны» еске алсақ, Қаза­қстан ауыл-елде­гі ойлы-шұңқыр жол­дар­мен төм­пе­ң­деп, дамы­ған 30 елдің қата­ры­на ары­қтан су тасып жүріп жетіп те қала­тын шығар…

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн