Суббота , 5 июля 2025

АПТА АДАМДАРЫ МЕН ОҚИҒАЛАРЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (356) от 27 октяб­ря 2016 г.

 

Тура­би­лер тұғыры

 


 

Осы ФБ-да кей­біре­улер мини­стр­дің Ары­стан­бек Мұха­ме­диұ­лы – Ред.) жағым­сыз әре­кетін әлгі «Қымы­зды кім ішпей­ді, қызға сөзді кім айт­пай­ды» деген қаза­қтың сөзіне жатқы­зып, оған көңіл бөл­ме­уді айтып жатыр.

Құр­мет­ті ағай­ын­дар! Ары­стан­бек қызға қырын­дай­тын жай жүр­ген дала қаза­ғы­ның серісі емес. Ол жасы кел­ген адам, оның үстіне мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің лау­а­зым иесі. Оның әре­кетін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ге жат – жас қыздар­ды мораль­дық азғын­да­уға итер­ме­леу әре­кет­тері бар. Егер оның осы іс-әре­кет­тері дәлел­ден­се, ол заң алдын­да жау­ап беруі тиіс.

Өмір­бай Сабыров

 

 

Болат Ата­ба­ев­тың желі­де­гі пікірі: Айгүл нақты жағ­дай­ды жазған екен. Министр Мұха­ме­диұ­лы айта­ды екен: «Жоға­ры­ға шығып, қыздан дәм татып кет­пей­сіз бе?!» – деп.

Гүл­на­ра Жуаспаева

 

 

Ауыл тура­лы айтқым кеп тұр. Ауыл­дағы­лар­дың айна­ла­сын­да не болып жатқа­ны­мен шаруа­сы жоқ. Театр­ды біл­мей­ді, өмірі көр­ме­ген нәр­сесі. Бір жылы Қай­рат Нұр­тас билет сатып, кел­мей алдап кете­ді. Келесі жылы «Қаза­қстан дау­сы­ның» жүл­де­гері Шахри­зат деген 400 тең­ге­ден билет сатып, кел­мек­ші бола­ды. Кеш­ке ауыл тай­лы-тұяғы­мен «мәде­ни­ет үйіне» шұбап бар­са, Шахри­зат жоқ, аудан­ның 3 әншісі билеп жүреді. Өнер деген­ді теле­ар­на­лар­дағы ішкені мен жегенін айтып мақта­нып жүр­ген әншілер деп ойлайды.

Кітап оқы­май­ды, жазы­ла­тын­да­ры облы­стық көл­дей-көл­дей газет­тер. Тең жары­мы интер­нет­тен шала ауда­ры­лған пай­да­лы кеңеспен тол­ты­ры­лған. Мек­теп­те­гі ұлт­тық тәр­бие мен білім ол – өз алды­на. Айнал­ды­рған 100 бала 11 жыл бойы ағы­л­шы­нға қаты­сып, әріп­ке әріп­ті қосып, оқи алмай шыға­ды. Анау мұғалім сәбет кезін­де неміс тілін оқы­ған адам. Ол да айлық алып, күн көріп жүр­геніне ұялмайды.

Әде­би­ет­тен кезін­де өзі әде­би­ет пәнін үшке оқып, әупірім­деп кол­ледж бітіріп кел­ген қара қыз сабақ беріп жүр. Сабақ орта­сын­да бұза­уы мен сиы­рын ойлап тұрады.

Жұмыс жоқты­қтан іші пысқан бір ағай күні бойы арыз жазу­мен айна­лы­са­ды, «Нұр Отанға» айтам деп, шіңк-шіңк етіп жағы тал­май. Қысқа­сы, соғым кезін­де ғана еске түсетін ауыл тоз-тозы шығып, құрып жатыр. Ойла­саң, жылағың келеді!

Ая Өмір­тай

 

 

Бұл да елі­міз­де­гі Бір кісінің жалғыз Бауы­ры­ны­кі екен. Кезін­де 4 ауы­сым­мен 4 мыңға жуық адам жұмыс істе­ген алып импе­рия. Тоқы­рау ма, басқа ма – бір күн тоқтамаған.

Бәсе, сөйт­сем, акци­о­нері жалғыз Бөке Болат Назар­ба­ев – Ред.). Съем­ка­ны мон­таж­дап біт­кен соң біл­дім. Соғыс уақы­тын­да даяр­лаған сна­ряд, мина, бом­ба әлі сақталған. Шаштан жұқа про­вол­ка­сы­мен Одақ кезін­де дамы­ған шетел­дің 16 мем­ле­кетін там­сан­тқан зауыт­тың бүгін­гі хал-күйі. Зымы­ран мен қолы­мы­здағы гад­жет­тің бөл­ше­гі де Алма­ты ауыр маши­на жасау зауы­тын­да даярланады.

Гүл­ми­ра Абықай

 


Алғаш Монғо­ли­яға демо­кра­ти­я­ны алып кел­ген тұлға аға­лар­дың бірі – ескі пар­ла­мент мүше­сі Самат Аға Кере­мет айтып­ты. Түсін­ген Адамға!

Жас бала­лар­ды осы­ғұр­ша жексұрын­да­ту обал емес пе? «91»-ді айтам. Ал бұл жігіт­тер – гей емес. Кәдім­гі­дей еркек­ше киі­неді. Олар­дың тың­дар­ман­да­ры да аз емес.

Оның үстіне өздері қаза­қ­ша айта­ды. Олар­сыз-ақ шашын бояған, сырға таққан, ышқыр­сыз гей­лер көше­де толып жүр. Кезін­де­гі сіз­дер­дің кумир­леріңіздің де талайы шашын бояп, сырға таққан. Жастар сіз­дер­дің жақ­сы көретін Шура-мура сияқты оры­стар­дың гей­леріне елік­те­ген­ше, өзі­міздің қазақ жігіт­тер­ге еліктесін.

Қазір­гі жастар неге әлем музы­ка­сы­ның ағы­мы­на қаза­қ­ша еру­ге бол­май­ды? Неге қайт­кен­де орыс­ша ғана тың­да­уы керек? Обал­сын­саңы­здар­шы! Өз бала­ла­ры­ңыз да солар­ды тың­дап жүр. Орыс­ша сөй­лей­тін мың басты­қтан жастар­ды арты­нан ертетін бес жігіт­тің қаза­қ­ша әні артық.

Кіш­кен­тай бала­лар­мен жаға­ласқан­ша ел, жер, тіл үшін күресіп, стрес­стеріңізді солай шыға­ры­ңы­здар. Мықты бол­саңы­здар, дүкен­де қаза­қ­ша сөй­лет­пей тұрған орыс сату­шы­мен салғы­ла­сы­ңы­здар. Көше­де­гі жезөк­ше мен кең­се­де­гі суте­нер, ышқы­ры бос мини­стр­лер­ді тәр­би­е­леп алы­ңы­здар. Сахна­да әйел­ше киініп, ырбы­ң­дай­тын орыс­ша сөй­ле­гіш сай­қы­ма­за­қтар мен орыс­ша айтқыш әншілер­ді түзетіп алыңыздар.

Есейе келе онсыз да бәрі қала­ды. Әйт­пе­се қазір екінің бірі сырға тағып, шаш бояй­ды. Бала­ны үйде қамап ұстай­тын амал жоқ. Интер­нет­ті үзіп тастау қиын.

Ең басты­сы және қолы­ңы­здан келері де – әркім өз бала­сын дұрыс тәр­би­е­лесін. Ие бол­сын. Сая­сат­та дик­та­ту­ра­ны қол­да­саңы­здар да, жасөс­пірім жет­кін­шек­тер­дің талға­мы­на дик­та­ту­ра жүр­гі­зе алмай­сыздар. Бұла­ры­ңыз – таза қия­нат. Орыс көр­сеңіз­дер, толе­рант­ты бола қала­сыздар да, қаза­қтың бала­сын жер-жебіріне жетіп, жеп қоя жаздайсыздар.

«Сов­ок­ты­қты» бала­ларға да таңуға болмайды.

Айт­пақ­шы, қар­нын жарқы­ра­тып, төсқап қана киіп, үнді биін билей­тін қыздар­ды да неге сөкпейсіздер?..

Нұр­бақыт Меллетұлы

 

Пікір­лер «Фейс­бук» желісі­нен алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн