Суббота , 5 июля 2025

БЕЛСЕНДІЛЕР «НҰР ОТАНҒА» КЕЛІП, НАЗАРБАЕВҚА ТАҒЫ ДА ХАТ ЖОЛДАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №40 (357) от 03 нояб­ря 2016 г.

Апта апты­ғы

Темірқа­зық

 


Қазан­ның 31‑і күні бір топ аза­мат­тық бел­сен­ді «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның Алма­ты қала­сын­дағы бөлім­ше­сіне бар­ды. Өздерін «Әділ­дік үшін» қоғам­дық ұйы­мы­ның мүше­сі­міз дей­тін бел­сен­ділер кел­мей тұрып, құқық қорғау орган­да­ры­ның аза­мат­тық киім­де­гі бір­не­ше қыз­мет­кері «Нұр Отан» ғима­ра­ты­ның алды­на жинал­ды. Абы­лай хан көше­сі­мен кел­ген онға жуық бел­сен­діні «Нұр Отан» кең­сесіне кіргізді.

Кең­се­ге кір­ген бел­сен­ділер­ге «Нұр Отан» мен про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­лері мәсе­лені каби­нет­те диа­лог арқы­лы шешу­ге шақыр­ды. Алай­да оларға сенім­сіздік біл­дір­ген бел­сен­ділер Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа үндеу хатқа осы ғима­рат­та қол қоя­ты­нын айтып, каби­нет­ке кіру­ден бас тарт­ты. «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның қабыл­да­уын­да бір­не­ше рет бол­сақ та, мәсе­ле шешіл­меді» деген бел­сен­ділер пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тан ғана үміт­те­нетінін білдірді.

«Нұр Отан» кең­сесінің фой­есін­де қалған бел­сен­ділер өздері­мен ала кел­ген пла­кат­та­рын жай­ып тұр­ды. Құқық қорғау жүй­есіне сенім­сіздік біл­діретін ұран­дар жазы­лған пла­кат­тар­ды көп ұза­май қай­та жинап, Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа арналған үндеу хатқа қол қой­ды. Үндеу хат­та «құқық қорғау орган­да­ры­ның заң­сыз шешім­дері­нен зардап шек­кен­дерін», «шағым жазу­дан қажы­ған­да­рын» жазған.

Акци­яға қаты­су­шы­лар­дың бірі Нәзия Бір­жа­но­ва «Нұр Отан» бұл жолы алды­на биыл көк­тем­де құры­лған Жер комис­си­я­сы секіл­ді арнайы комис­сия құру­ды талап етіп кел­генін айта­ды. Оның сөзін­ше, «мұн­дай комис­сия заң­сыз сот шешім­дерін БАҚ-тың қаты­суы­мен талқы­ла­уы тиіс». Нәзия Бір­жа­но­ва­ның айтуын­ша, «Әділ­дік үшін» қоғам­дық ұйы­мы­ның «құқы­қтық жүйе әділет­сізді­гі­нен шар­ша­дым» деген бір мүше­сі өзін-өзі өрте­у­ге оқталған. Нара­зы­лық акци­я­сын аяқтаған бел­сен­ділер «Нұр Отан» кең­сесі­нен шыққан­да, ғима­рат алды­на өрт сөн­діру­ші көлік пен жедел жәр­дем келіп тұрға­нын көрді.

Еске сала кет­сек, «Әділ­дік үшін» ұйы­мы­ның мүше­лері осы­дан бір ай бұрын да «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның ғима­ра­тын­да «Сот құқы­қтық жүй­есі» деген жазуы бар пла­кат­ты еден­ге тастап, үстіне бір­не­ше қолғап лақты­рған. Бел­сен­ділер мұны «әділет­сіз шешім шығарған судья­лар­ды бет­пе-бет сөй­ле­су­ге шақы­ру­дың бел­гісі» деп түсін­дір­ген. Одан бұрын да «Нұр Отан» кең­сесіне келіп, Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа үндеу хат жол­даған. Оған өз қол­да­рын тіліп, қан­мен қол қой­ған. Хат­та әділет орган­да­ры­ның шеші­міне нара­зы екен­дік­терін білдірген.

Azattyq.org

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн