Суббота , 5 июля 2025

«АЛМАТЫЛЫҚ АТҚЫШ» ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №40 (357) от 03 нояб­ря 2016 г.

Апта апты­ғы

Темірқа­зық

 


  • Алма­ты қала­сы­ның қыл­мыстық істер бой­ын­ша маман­ды­ры­лған соты 10 адам­ның өмірін қиған тер­рор­шы Рус­лан Кулек­ба­евқа өлім жаза­сын кесті. Кулек­ба­ев өзіне қаты­сты сот үкі­мін орны­нан тұр­май тыңдады. 

Кеше Алма­ты қала­сы­ның тер­геу оқша­улы­ғын­да судья Ерлан Бола­то­втың төраға­лы­ғы­мен халық ішін­де «Алма­ты­лық атқыш» аты­мен әйгілі болған Рус­лан Кулек­ба­ев­тың ісі қара­лып, Кулек­ба­ев пен оның сыбай­ла­ста­ры­на қаты­сты сот үкі­мі шыға­рыл­ды. Кулек­ба­евқа өлім жаза­сы кесіліп, дүние мүл­кі тәр­кі­ле­нетін болды.

Оның сыбай­ла­ста­ры Жасұлан Сапар­бе­ков, Ербол Құсай­ы­нов пен Дәу­рен Әсем­бекұлы­на – 10 жыл, Роберт Люға – 9,5 жыл, ал Нұр­сұл­тан Абді­мо­мы­нға 3 жыл бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру жаза­сы тағай­ын­дал­ды. 61 том­ды құрай­тын қыл­мыстық істің тер­геу амал­да­ры шең­берін­де 57 сот сарап­та­ма­сы өткізіліп, 200 куә­гер­ден жау­ап алынды.

Сот үкі­мі шыққан­нан кей­ін, Кулек­ба­ев­тың қолы­нан қаза болған поли­ция қыз­мет­кер­лерінің туы­ста­ры БАҚ өкіл­деріне сұх­бат беріп, билік өкіл­деріне өз өтіні­ш­терін білдірді.

 

Мұха­ме­да­ли АСАНОВ

(Аян Ғали­ев­тың туысы):

– Қыз­мет бабы бары­сын­да қаза болған поли­ция қыз­мет­кер­леріне арнап ескерт­кіш орнат­са, оған марқұм болған жігіт­тер­дің аты-жөн­дері жазыл­са, құп болар еді. Ол тек біз үшін емес, өсіп келе жатқан жастарға үлгі ретін­де қажет. Поли­ция қыз­метін­де­гілер­дің жұмысы қан­дай қиын, қауіп­ті екенін адам­дар біл­сін дей­міз. Себебі ел ара­сын­да поли­ция қыз­мет­кер­лері тура­лы сан түр­лі пікір­лер айты­ла­ды. Қалай бол­ма­сын, поли­ция қыз­мет­кер­лері елді қорға­ма­са, Кулек­ба­ев секіл­ді қыл­мыс­кер­лер­ді ұста­ма­са, ондай­лар­ды поли­ци­ядан басқа кім ұстай­ды?! Сон­ды­қтан жігіт­тер­дің қаны төгіл­ген жер­ге ескерт­кіш қой­са, оны ары-бері өткен жастар көреді ғой, ол деген тәр­бие, ол – еске алу болар еді. Бұған қоса Кулек­ба­ев­ты өз өмірінің құны­мен тоқтатқан Аян Ғали­евқа «Халық қаһар­ма­ны» деген атақтың беріл­генін қалай­мыз. Кулек­ба­ев ұсталғанға дей­ін қан­ша­ма жас жігіт­тер­дің қанын ішіп кет­ті, ол жал­мауыз!» – деді.

«Кулек­ба­ев сот шеші­мін орны­нан тұр­май тың­да­ды, соған қараған­да, еш өкініш сезі­мі жоқ болып тұрға­ны ма?» деген сау­алға марқұм болған поли­цей Аян Ғали­ев­тің зай­ы­бы Анар: «Жалғыз Кулек­ба­ев емес, оның жанын­дағы сыбай­ла­ста­ры­ның да ойла­ры­на ешнәр­се кіріп-шығып жатқан жоқ. Олар­дың ішкі сезім­дерін де бай­қа­ма­дық. Тіп­ті Кулек­ба­ев­тың өзіне өлім жаза­сы кесіл­ген­де, не деген қаны­пе­зер адам, ең бол­ма­са бүгін бір өкініш күй­де бола­тын шығар десем, оның эмо­ци­я­сы­нан ондай нәр­се бай­қа­лып тұрған жоқ. Ол марқұм болған жігіт­тер­дің туы­ста­ры­нан кешірім де сұраған жоқ», – деп жау­ап бер­ді газет тілшісіне.

«Сіздің жол­да­сы­ңы­зды мем­ле­кет­тік мара­патқа ұсы­ну тура­лы не ойлай­сыз?» деген сау­а­лы­мы­зға Анар былай деп жау­ап қат­ты: «Аян тоғыз жер­ден жара­лан­са да, өзінің жауы­на төтеп беріп, Кулек­ба­ев­ты тоқта­та алды. Егер Аян оны тоқтат­паған­да, одан кей­ін тағы қан­ша адам­ды өлтіретін еді?! Сол себеп­ті Аян­ның артын­да қалған кіш­кен­тай бала­ла­ры­на, басқа да өсіп келе жатқан жаста­ры­мы­зға үлгі бола­тын­дай, қазір­гі зама­ны­мы­здың баты­ры ретін­де ерлі­гі ескеріл­се дей­мін. Қаза болған жігіт­тер­дің есім­дері ұмы­тыл­май, ел есін­де қалуы керек. Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның «Батыр­лық, ерлік деген ізгі тәр­би­е­ден, озық өне­ге­ден» деп айтқа­ны бар. Осы сөз­дер менің Аяны­ма қаты­сты айты­лған деп қабыл­дай­мын. Сол себеп­ті мен өзім­нің жол­да­сым Аян­ды Халық қаһар­ма­ны ретін­де тани­мын, артын­да қалған бала­ла­ры­на да осы­ны айтып өтемін».

Димаш АЗАМАТОВ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн