«Общественная позиция»
(проект «DAT» №40 (357) от 03 ноября 2016 г.
Назарбаев толық ядролық отын циклі үдерісінде халықаралық ынтымақтастықтың деңгейін арттыруды тапсырды.
Кеше парламент мәжілісі Қазақстан үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасындағы Қазақстанда «Әлсіз байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау» туралы заң жобасын мақұлдады. Бұдан кейін Қазақстан заңды түрде бүкіләлемдік Ядролық отын күресіні аталады деген сөз.
Дегенмен, парламентте заң жобасын таныстырған энергетика министрі Қанат Бозымбаев болашақ қатердің бетін қалқалауға тырысты: «Банк тұрақты алып тұратын уран көзі немесе әлдебір «дүкен» болмайды. Уран резерві – ол негізінен дербес қор.
Ол тек әлемдік уран нарығында дағдарыс туындаған жағдайда пайдаланылады. Қалыпты жағдайда бұл қордың қажеті болмайды, – деді министр.
Ал бұл Ядролық отын банкі (ЯОБ) Қазақстанда кімге қажет? Оның үстіне ЯОБ Қазақстанға ешқандай экономикалық пайда әкелмейді.
Ендеше онсыз да рак дерті жайлаған елге атом дерті қатерінен басқа пайдасы жоқ бұл банкі бірнеше жыл қатарынан Нобельдің «Бейбітшілік сыйлығын» алуға құштар ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан басқаға көк тиынға қажеті болмаса керек.
«D»