Суббота , 5 июля 2025

Досым СӘТПАЕВ: Жемқорлық үшін үкімет пен әкімдердің ТЕҢ ЖАРТЫСЫН ҚАМАУҒА БОЛАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (358) от 10 нояб­ря 2016 г.

Апта апты­ғы

Дөп сөз!


  • Таны­мал сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­ба­ев­тың айтуын­ша, Қаза­қстан­дағы анти­кор­руп­ци­я­лық қыз­мет тиім­сізді­гін көр­сет­кен. Өйт­кені ол жемқор­лар­ды таң­дап ұстай­ды дей­ді сарап­шы. Бұл тура­лы Informburo.kz пор­та­лы жазды.

«Бұрын жемқор­лық эле­мен­тінің өзі мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кірудің билеті бола­тын: егер сен ере­же­ге сай ойна­саң, сені ешкім ұста­тып жібер­мей­ді. Бұл жүйе жақ­сы жұмыс істе­ді. Алай­да қазір жемқор­лар­дың біра­зын жеп оты­рған наны­нан айыр­ды. Бұл сала­дағы сенім­ділік жоға­лып бара­ды», – дей­ді сая­сат­та­ну­шы Д.Сәтбаев.

Оның айтуын­ша, жемқор­лар­дың тыны­сы тарыл­са да, біздің елде ірі парақор­лар әлі де еркін әре­кет етіп жүр. Пара­мен ұста­ла­тын шене­унік­тер­дің көп­шілі­гі төмен­гі неме­се орта дең­гей­де­гі мемқызметкерлер.

«Дәл мұн­дай бап­пен үкі­мет­те­гілер­дің тең жары­сын, әкім­дер­дің біра­зын қамап таста­уға бола­ды. Біздің елде жүріп жатқан жемқор­лы­қ­пен күрес жұмыста­ры оңтай­лы инве­сти­ци­я­лық кли­мат қалып­та­сты­ра­ды деп айта алмай­мын. Өйт­кені бұл күрес таң­да­у­лы адам­дар­мен ғана жүр­гізіліп келеді», – дей­ді сарапшы.

Сәт­ба­ев­тың айтуын­ша, жемқор­лы­қ­пен күре­су­де Син­га­пур­дың көш­бас­шы­сы болған Ли Куан Юдің әдісін қол­да­ну керек. «Ең алды­мен өзіңіздің үш досы­ңы­зды түр­ме­ге жабы­ңыз. Не үшін жабу керек екенін сіз жақ­сы білесіз, олар да өздерінің нелік­тен қамалға­нын біледі», – дей­ді Ли Куан Ю жемқор­лы­қ­пен күре­су жайында.

sn.kz

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ халықаралық резервтері АЗАЙЫП БАРАДЫ

Қаза­қстан­ның халы­қа­ра­лық резерв­тері 2016 жыл­дың қаза­нын­да алды­ңғы аймен салы­сты­рған­да 3,15%-ға азай­ып кет­кен. Бірақ Ұлт­тық банк бұл көр­сет­кі­штің жыл басы­нан бері 1,49% артып, $92,753 млрд-қа дей­ін жет­кенін місе тұтып отыр. Мұн­дай мәлі­мет­тер сей­сен­бі күні ҚР Ұлт­тық бан­кінің сай­тын­да жарияланды.

Ұлт­тық банк мәлі­меті бой­ын­ша, Қаза­қстан­ның жал­пы халы­қа­ра­лық резерв­тері биы­лғы шіл­де­де 2,21% артып (қаңтар-қазан­да – 9,56%) $30,541 млрд-қа дей­ін жет­ті, соның ішін­де таза халы­қа­ра­лық резерв­тер – 2,11% азай­ып (+11,09%), $29,971 млрд-қа дей­ін жет­ті (Ұлт­тық қор­дың шетел­дік валю­та­дағы актив­терін есеп­те­ме­ген­де). Ұлт­тық қор актив­тері 3,6% азай­ып (-2,04%), $62,212 млрд бол­ды. Шетел­дік валю­та­дағы актив­тері 1,95% (-0,33%) азай­ып, $20,233 млрд болып, алтын­дағы актив­тері жүр­гізіл­ген опе­ра­ция арқа­сын­да 2,71%-ға азай­ып (+36,06%), $10,308 млрд болды.

«

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн