Соңғы 10 жылда РАК ДЕРТІ 8 пайызға өскен

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №41 (358) от 10 ноября 2016 г.

Апта аптығы

 


  • Қазақстанда онкологиялық ауруларды тиімді емдеу үшін жеке мембағдарлама қабылдау қажет, деп санайды ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.

«Меніңше, бұл кезеңде ерте анықтау, тиімді емдеу мен диагностика жасаудың жоғары технологиялық тәсілдеріне қол жетімділігін арттыру бойынша «Денсаулық» ұлттық бағдарламасы аясында жекелеген кіші бағдарлама қабылдау қажет», – деді И. Тасмағамбетов сейсенбідегі үкімет отырысында.

Бұл ретте ол атап өткендей, онкологиялық ауру салдарынан көз жұму мен науқасқа шалдығу денсаулық сақтау жүйесіндегі басты проблемалардың бірі болып табылады. «Соңғы 10 жылда қатерлі ісік ауруларының саны 8%-ға өскен. Аталмыш аурудан адам өлімі екінші орында, жыл сайын қатерлі ісіктен шамамен 17 мың адам көз жұмады, оның ішінде 42%-ы еңбекке жарамды жастағылар», – деді ол.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн